Тірек сөз – төрт түлік
мал атаулары жəне үй хайуандары
Қазақтардың тұрмыс-тіршілігі мен мəдениеті төрт түлік, мал
шаруашылығына қарай қалыптасқан.
Ішсе тамақ, кисе киім болған төрт
түліктің кез келген ұлттың күн көрісіндегі алатын орны ерекше. Ал оның
тұрақты тіркестер жасаудағы белсенділігі, əсіресе, қазақ тіліндегі фразе-
ологизмдерден анық көрінеді.
Қазақ фразеологизмдерінің қоры ұлттың
рухани құндылығы ретінде ерекшеленеді.
Төрт түлік атаулары – қой, жылқы, сиыр, түйенің фразеологиялық
деректер арасында ең жиі əрі өнімді жұмсалатыны – қой малы. Қазақ
тілінің фразеологиялық сөздігінде (1977) қозы сөзі ұйытқы болған 8
тіркес, қой сөзімен 25 фразеологиялық тіркес келтірілген.
ҚОЙ малы
ірі қарадай емес, көптігімен, жұмсайтын қажеттілігіне
ыңғайлығымен бағаланған.
Асау тайдай
дейтін сияқты
асау қойдай
де-
ген тіркес жоқ. Қайда айдаса жүре беретін жуастығы мен момындығы
адамның іс-əрекеті мен мінез құлқын сипаттауға негіз болған. Мыса-
лы:
жуастығы қойдай
қойдан қоңыр
жылқыдан торы, қойдай қоңыр
қой мінез қой аузынан шөп алмас
қой үстіне бозторғай жұмыртақлаған кез
сияқты бейнеліліктің иесі. «Тұсақ қой түстен кейін маңырайды» деген
мақалда да момындықтың сипаты бар.
Қазақ тіліндегі мақал-мəтелдер, фразеологизмдер жылқыға қатысты
атаулардың барлығын жан-жақты қамтиды Ең көбі жиі қолданыстағы
АТ, ЖЫЛҚЫ лексемаларына қатысты тұрақты тіркестер тобы. Түрлеріне
байланысты айтылатын тіркестердің мағыналық, тақырыптық тобы əр
алуан.
Қазақ тілінде
ЖЫЛҚЫ
/
АТ
сөзінен туынды сөздер, жүздеген фразео-
логизмдер, мақал-мəтелдер жасалған. Олардың дискурстық ерекшелігі-
не назар аударсақ, аталған ұғымдардың концептуалдануынан ұлттың
мəдени өмірі, тұрмыс тіршілігі, ұлттық мінез-құлқы, сал-дəстүрі сияқты
құндылықтар жүйесі қалыптасқандығын лингвоаксиологиялық талдау-
лар арқылы көз жеткіземіз.
210
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде (1977) жылқы – 5, ал ат
сөзіне қатысты 90-ға жуық фразеологизм тіркелген.
«Түйе – салтанат, жылқы – мақтан, сиыр – қанағат, қой – қазына» деп
бағалаған. Жылқы – мақтан болатын себебі, оны желден жаралған, ат
үстінің желі бар деп дəріптейді. Ер жігіттің желдей ескен жүйрік атымен
санатқа қосылуының өзі бір мəртебе. «Жігіттің сорлысын, аттың жол-
дысы теңейді» деген мақал да бекер айтылмаған.
Жылқы адамдардың тұрмысын жеңілдететін көлік əрі жұмыс күшіне
лайық, дүние жүзінің ешбір тағамына айырбастамайтын еті мен қазы-
қартасы, қымызы қазақ ұлтының мəдени өмірінің бөлшегіне айналған.
Жалпы қазақ ұлты жылқына аса қастерлеген. Өйткені дүниеге қазақ ұлты
өзін-өзі əйгілей алған болса, онда атақ осы жылқыға байланысты. Се-
бебі, аңшылық, саятшылық, салт-дəстүрмен астарланған спорттық ойын
түрлері (ыз қуу, теңге алу, ат жарыс оның түрлері т.б.) жəне жігіттің
жеті қазынасының бірі болуы, ат сынына қатысты сөздер мен, жасалған
тіркестер, қамшыға қатысты айтылатын танымдық ойлар мен фразеоло-
гизмдер, тіпті адам – жылқы мінезді деген тұжырым т.с. ерекшеліктер
жылқы малының төңірегіне топтасқан.
Ат жалын тартып міну
Ат ер қанаты
Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше
Бес биенің сабасындай
Тұрақты тіркестер мен фразеологизмдердегі мəдени ақпаратта
қазақтың жықыға деген құрметі мен сүйсінуі, бағалауы, тіпті табынуы
керемет.Ұлттың таным-түсінігіндегі ассоциацияға назар аударайық.
Амандасса –
Ат-көлігің аман ба?
-деп сұрайды. Заттың көлеміне көңілі
толмаса –
ат төбеліндей аз
деп қомсынады. Бір-бірімен танысып, та-
бысса –
жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше
; Бірде жағымды, бірде
жағымсыз мінездерін сыйпаттаса –
жылқы мінезді
; Бейтаныс адамның
сырын тек жақындары ғана білсе –
аттың сыры иесіне мəлім
; Өсектесе
–
ағаш атқа мінгізеді
; Ренжіп, қатты ашуланса –
ат құйрығын кесіседі
;
Қатынаспай, көріспей қалса –
ат ізін салмады
; Бірге өссе –
құлын-тай-
дай тебісіп өскен
; Олжалы болса –
қанжығасы майланды; ат басын-
дай алтын
; Кінəлі болса –
ат-шапан айып
береді; Күнде көріп жүрген
211
кісіңнің кім екеніне көзі жетпесе –
адам аласы – ішінде, жылқы аласы
– сыртында;
Отбасылық өмірдің берекесі
– атың жақсы болса – бір
бақыт, қатының жақсы болса – мың бақыт; Атың жақсы болса – бұл
дүниенің пырағы, əйелің жақсы болса – үй-ішіңнің шырағы;
Ал
жігіттің
де жігіті бар – азаматы бір бөлек, жүйріктің де //жылқының да //
жылқысы бар// жүйрігі бар – қазанаты бір бөлек
жігіт тек азамат де-
ген атқа лайық болсын дегені. Туыстар татулығы –
ағайын тату болса
, ат көп, абысын тату болса ас көп
; Əйелдің толықтығы –
бес биенің
сабасындай
; Мұндай мысалдардың көптігі тілдік деректер арқылы
қазақ мəдениеті мен құндылықтар аясының тақырыптық, семантикалық
өрістерінің жан-жақты əрі мазмұнды екендігін айғақтайды.
Қазақ тілінде ұйытқы сөз, тек АТ компонентімен жасалған мақал-
мəтелдердің статистикасы санауды қажет ететін тіл байлығы. Мыса-
лы, тек ат лексемасына қатысты ұғымдардың өзі тура жəне ауыспалы
мағынасымен қоса жүзден астам.
Ауылы аралас, қойы қоралас, төскейде малы, төсекте басы бірге
қырғыз бен қазақтың жылқы малына қатысты фразеологизмдер, мақал-
мəтелдері кейбір лексикалық, фонетикалық өзгешеліктер болмаса,
мазмұны жағынан жақын, ұқсас. Ер жету, жігіт болы мағынасында
Достарыңызбен бөлісу: |