217
мүддеде «түбі бір түркі əлемін» тұтастыру үшін жұмыла іске кіріскен
еді.
Халықаралық ұйымның негізгі мақсаты мен міндеттерін туралы
айтылған деректерге назар аударсақ, онда күні бүгінге дейін атқарылған
игі істердің тіл мəселесіне соқпай кететін тұстары некен-саяқ екенін
байқауға болады.
Мəселен, жүргізіліп келе жатқан іс-шараларды саралап көрсек,
«Түріксойдың» негізгі мақсатына орай:
ü
түркі тілдес мемлекеттердің жəне
халықтар мен қауымдардың
мəдениет пен өнер саласындағы мəдениетін дамыту;
ü
түркі əлемінің мəдени құндылықтарын тану, зерттеу, сақтау жəне
толықтыру, оларды əлемдік кеңістікте насихаттау;
ü
тарихи, саяси жəне географиялық жағдай салдарынан əлсіреген
байланысты дамыту;
ü
ортақ м əдени кеңістік қалыптастыру; түркі əлемінің
ортақ
мəдени құндылықтарын, тарихи, мəдени ескерткіштерін анықтау жəне
жүйелеу;
ü
түркі халықтарының ұлттық мəдениеттерінің дамуына ықпал ету,
олардың тума, табиғи ерекшеліктерін сақтау;
ü
түбі бір түркі тілдерін жақындастыру;
ü
тұтас тілдік орта қалыптастыру, ортақ əліпби жасау, латын графи-
касына көшу мəселелерін
қолға алу;
ü
гуманитарлық салада əлемдік интеграциялық үдерістерді ескере
отырып, түркі тілдері мен мəдениетінің қуат-күшін жасөспірімдерге
тəрбие беру ісін де көрсету;
ü
түркі тілдес мемлекеттердің мəдениеті
мен өнері жөнінде
халықаралық ақпарат орталығын құру, т.б.
Жоғарыда біз санамалап көрсеткен атқарылып жатқан шаралар аста-
рында түркі тілдес халықтардың бір кездегі ортақ менталдық кеңістіктен
өріс алып тараған ұлттық ерекшеліктерінің қалыптасқандығы байқалады.
Сол ерекшеліктерге талдау жүргізгенде түркі əлемі бейнесінің концеп-
туалдану жүйесін кім қалай қалыптастырды деген мəселе бой көтереді.
Əсіресе, тарихи, саяси жəне географиялық жағдай салдарынан əлсіреген
байланысты дамыту арқылы түбі бір түркі тілдерін жақындастыру
218
жəне
тұтас тілдік орта қалыптастыру, ортақ əліпби жасау сияқты
мəселелелердің уақыт өткен сайын қажеттігі айқындалып келеді.
«Түркі əлемі» тіркесінің тілдік репрезентациясы ары қарай тілта-
нымдық мəселелердің көптеген сауалдарын алға тартады. Себебі «түбі
бір түркілердің» о баста бастау алған мəдени бұлақ көздерінен таралаған
өзендер «түркі əлемі» дейтін алып мұхитқа ұласты. Əлемдік өркениеттен
өзіндік орнын алып, енді осы ХХІ ғасыр «түркілер ғасыры» деген атқа
лайық игі істерді игеруге ден қойды.
Кез келген ұлттың өткен өмірі мен басынан кешкен түрлі оқиғалары
оның тілі арқылы өрнектеліп, кейінгі ұрпақтар жадында тек тілі арқылы
сақталады. Демек бір тіл – бір ұлт деген аксиомалық қағида қай кезде
болса да ұлт тарихы – тіл тарихы деген сабақтастыққа əкеледі.
М. Хайдеггер тілді «домом бытия» деп атаған: «Сущность человека
покоится в
его языке. И поэтому чтоб понять природу языка,
нужно
понять природу человека и его мир» [Хайдеггер, 1993, с. 101]. Адам
болмысы мен оның əлемі қатынас тілі арқылы ғана ұлт тіршілігінен ха-
бар береді.
«Əлемнің ұлттық бейнесі» сол халыққа ғана тəн түсінік категориялары-
нан тұратын тұрақты бейнелерге – образдарға байланысты қалыптасады.
Ол халық дүниетанымы мен болмыс қағидасын құрайды. Түркілік
біртұтас дүниетанымды қалыптастырған əрекеттерді, жағдаяттарды
кеңістік пен уақыт бедерінен іздеу керек.
Түркі əлемінің тілдік бейнесі
деген ұғым қазіргі таңда түркі тектес халықтар ғалымдарының ортақ
зерттеу нысанына айналып келеді.
Өз беттерімен бөлініп өмір сүрмеген түркі халықтарының этникалық
топ ретінде күн көрісіндегі ортақ дəстүр, ортақ мəдениет, ортақ тіл мен
менталдық тарихи-мəдени тұтастықты қалыптастырды. Ал мұның ең
жоғары көрінісі түркітану ғылымының қайнар көзі, бастауы Махмуд
Қашғаридің «Диуани лұғат – ит түрк» еңбегі екендігін білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: