120
назарын аудартып, əлде бір болған оқиғалардың халық үшін ұмытылмай,
қайталанып айтылып жүруі сол ұлттың тілінде сақталып қалған сөздер
мен тұрақты тіркестеріне байланысты.
Қазақ фразеологиясында
этнолингвистикалық зерттеу тəсілдерімен танылатын бір алуан тұрақты
тіркестер тек тарихи оқиғалар мен тарихи адамдардың есіміне байла-
нысты айтылып, бертін келе фразеологизмдер қатарына енген. Олардың
жасалу жолдары əр түрлі. Егер бұл тіркестердің
жасалуындағы ішкі
уəжділікке (мотивацияға) назар аударсақ, халық, ұлт өмірінің басынан
өткен оқиғаларының мазмұны мен тарихы жатады. Бұлардың кей кез-
де жаппай қоғамдық факторға айналуының əсерінен ұзақ уақыт халық
жадынан кетпей, сол ұлттың тілінде өткен тарихи оқиғалармен байла-
нысты белгілі бір адамдар есімі, тіпті жер-су аттары да қоса айтылып,
халық жадында сақталып қалады. Демек халық аузында айтылып жүрген
тұрақты тіркестер жайдан жай тумайды. Бұлар тарихи фразеологизмдер
қатарынан орын алады.
Əдетте тіл-тілдегі фразеологиялық тіркестер өзіндік образдылығы
мен эмоционалды-экспрессивтілігі жағынан тілдік бірлік ретінде оқшау
тұратыны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: