Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет51/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

Есік көргенді 
алма, 
бесік көргенді ал»
мақалының қысқартылып, фразеологияланғаны. Бұл 
фразеологизм астарында халықтық салт-дəстүр бойынша жас жігітке 
беті ашылмаған қызға үйленгенінің жөн екендігін аңғартады.
Ал 
«Əйел-ана»
тақырыбына қатысты шоғырланған фразеологиялық 
тіркестер мазмұны қазақ мəдениетінде тіпті заңнамалық кодекске лайық. 
Олай болуы заңдылық та. Себебі бұл тіркестерде «Ана» бейнесі тек 
моральдық биіктен көрінеді. 
Əйел атауының когнитивтік құрылымының ішкі мəнінде ерекше 
көрініс беретін ақпараттар ретінде белгілі бір айтылмақшы ойды тұп-


74
тура тікелей емес, образдар арқылы бейнелеп, астарлап тілдегі табу, 
эвфемизм, дисфемизм, ирония, парафраза сияқты этнотанымдық сим-
волдар тəсілдерін кеңінен қолдана отырып, ассоциациялық фондық 
образы үйлес парадигмалық қатынас құруға болады. Бұл, əсіресе, əр 
ұлттың этноменталдық таным жүйесінен ерекше көрініс береді. Қазақ 
дүниетанымында əйелдердің еркектерден бір саты төмен тұратындығы 
дүниенің тілдік бейнесіндегі гендерлік ұғымдармен байланысты тіркес-
термен айқындала түседі: 
нашар кісі, тесік моншақ, шүйкебас, төмен 
етек т.б.
Осы атаулардың ішкі семантикалық, стильдік экспрессивтілік 
мəнінің өзі ұлттың мəдени болмысы мен ойлау жүйесінен, қоршаған 
дүниені қабылдаудағы өзіндік ментальдық танымынан қажетті ақпарат 
беретіні анық.
Тілдік құрылымдармен таңбаланған бұл дəстүрлер мен жоралғылардың 
этнотанымдық табиғатында қыз балалар мен жас келіндерді, əйелдерді 
түрлі теріс мінездерден, қылықтардан сақтандыру мақсатында 
қолданылатын табу сөздер мен ұғым түсініктер негізінде қалыптасқан 
ырымдар баршылық. 
Мысалы: 
қыз балаға кəрі жілікті ұстатпау
(болашақ күйеу кəрі бо-
лады); 
ер адамның жолын кеспеу 
(жігіттің жолы болмайды); 
əйел адамға пышақ қайратпау
(күйеуінің сағы сынады); 
келін ата-анасының атын атамауы (
сыпайылық, əдептілік); т.б. 
сияқты ырым, тыйымдардың мазмұнынан ұлт мəдениетінің бейнелі об-
раздары мен құрылымдағы фреймдік үлгілерін жете аңғаруға болады. 
Тілімізде əйел атауының концептуалдық өрісіне енетін қыз атауымен 
байланысты 
қызбөрі, қызойнақ, қыз айттыру, қыз алып қашу, қыз кəде, 
қыз ұзату, қыз жасауы, қыз қуу т.б. сияқты 
ұлттық салт дəстүр мен 
ғұрып нышандарын бейнелейтін этнографизмдер мен мақал-мəтелдер, 
фразеологизмдер орасан көп.
Осылайша, когнитивтік жүйе арқылы адам дүниені танып, өз 
көзқарасын бейнелі фразеологиялық жүйемен суреттей алады. Демек, 
дүниенің əлдебір тұрақты ұлттық моделін айқындау үшін, ұлттық 
өмір элементтерінің өзара қарым-қатынасын, құрылысын білу тілді 
тұтынушылар үшін аса маңызды мəселе.
В.фон Гумбольдт: Язык народа есть его дух и дух народа есть его 
язык, и трудно представить себе, что-либо более тождественное. – (Из-


75
бранные труды. М.,1984.) деп көрсеткен тұжырымдамасы ХХІ ғасыр 
мəдениеті үшін де өзектілігін жоймаған ақиқат болып отыр.
Əйел бейнесін сипаттайтын фразеологизмдерде ұлттық болмыс пен 
дүниетанымдық ерекшелік бар. Фразеологиядағы əйелдер бейнесіндегі 
концептілік құрылымдардың көрінісі – ұлттың ментальдық көрсеткіші. 
Мəселен, ерекше этносимволдық мəні бар төмендегі тіркес мазмұнынан 
қазақ халқының ұлттық таным көкжиегінен қажетті ақпарат алуымызға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет