Монография «Елтаным баспасы»


Жаман түйенің жабуындай жалпылдап



Pdf көрінісі
бет58/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

Жаман түйенің жабуындай жалпылдап
дегенде де, мағыналық реңк 
ерекшеліктері тек дискурсивтік сипатынан байқалады. 
Үшінші тіркес 
жүрегі қараю

 қарны ашу 
фразеологизмін студенттер 
көбінесе батырлық деп талдап жатады. Сірə, олар 
қаны қараю 
модель-
мен шатыстыратын болуы керек. Қазақи түсінікте асқазан деудің орына 
жүрек лексемасы ауыстырылып қолданыла береді. Мысалы, 
«Жүрегі 
сазу, жүрегі айну, жүрегі қыжылдау» т.б. 
Сонымен фразеологизмдерді семантико-когнитивтік талдау екі 
бағытта жүзеге асырылады: таңдалған концептінің фразеологиялық 
құралдармен вербалдануын құрылымдық реконструкция жасау арақылы; 
Кілт сөздер арқылы оның семаниткасын, оның дискурсивтік мəнмəтіндегі 
қолданысына қарай. Аталған бағыттар бір-бірінен оқшауланбай, керісін-
ше толықтырып отырады. 
Фразеологизмдердің когнитивтік параметрлерін зерттеушілер 
фразеографиялық еңбектерде өз нəтижелерін көрсетіп отыр. Əдеттегідей 
бұл орыс тіл білімінде байқалады. Мəселен, В.И. Телияның редакциясы-
мен шыққан «Большой фразеологический словарь русского языка» (2006). 
Мұнда орыс фразеологиясының кешенді жинақталған ақпараттары ког-
нитивизм бағытында талданған. Фразеологиялық тұлғалардың мəдени 
ақпараттары семантикасы, қолданыстары жүйелі түрде беріледі. Сөздікте 
тіркестердің сан жағы емес, тек когнитивтік ақпарат беретін сапа жағы 
қатты ескерілген. 


84
Фразеоло
гизмді лингвокогнитивтік зерттеу əдістерінің тəсілдері 
бойынша орыс идиоматикасының мəдени-танымдық кеңістігінен ха-
бар беретін келесі фразеологиялық сөздік Н.Алефиренко, Л.Золотых. 
«Фразеологический словарь. Культурно-познавательное пространс-
тво русской идиоматики» (2008) деп аталады. Сөздік жалпы орыс 
фразеографиясының принциптері бойынша жасалғанымен, бұл сөздіктің 
басқа да көптеген фразеологиялық сөздіктерден айырмашылығы: мұнда 
материалдарды іріктеу барысында тек мəдени ақпараттық мəні бар 
фразеологиялық тіркестерді ғана алған. Яғни фразеологиялық концеп-
тілер ғана енген. Сөздікте тіркеске қатысты жан-жақты талдаулар беріл-
ген. Сол себепті сөздік мақаласы бірнеше бөліктерден: бас тақырыбы 
(лемма), функционалды-грамматикасы, иллюстрациясы, концепт, (суб-
концепт) лингвомəдениеттанымдық (элитная, обыденная лингвокульту-
ра) жəне сөйлеудегі тіркес қолданысы туралы анықтамалық ақпараттар 
қамтылған. Мысалы, толық болмаса да қажетті тұстарынан үлгі ретінде 
көрсете кетсек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет