Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет68/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

Семантикалық өзгеріс. 
Мұнда фразеологиялық бірліктің компонентер құрамы сақталады, 
бірақ қолданылуына байланысты оның мағынасы өзгереді. 
Мысалы:
• 
Аузын шөпке жеткізбей көтере байлаған аты 
тілін тістеп
 аш 
қалған қонақ оның үйіне екінші қайта өзі де жоламауға тырыса-
тын
(Ж. Ахмади).
1) 
тілін тістеу
 
– сөйлемей қойды, ойына, пікіріне тыйым салды 
[ҚТФС, 1977, 535; 2)
 тілін тістеу
– нəр сызбады, ашығу деген мағынада 
айтылады. Фразеологизмдердегі полисемияның көрінісі.
Лексика-семантикалық өзгеріс.
Мұнда тіркестің жартылай лексикалық құрамы, сонымен қатар, 
фразеологиялық бірліктің мəні де өзгереді. 
Мысалы:
• 
Аспаннан айы құлап
тұрған ана тілін төрге оздыруда тым созы-
лып кеткен былқыл-былқылды енді Елбасы төбеге ұрғандай ғып 
тоқтаса ғой. (Ж.Сабыржанұлы). 
• Мырзан жүзін суытып ала қойды да, қабағын түкситіп орнынан 
тұрды.
 
Бетіне қан тепті.
 
(Б.Мұқаи).
Бірінші мысалда 
Аспаннан айы құлап
– жолы болмау, істеген істің 
кері кетуі. Ал қалыптасқан тіркестер 
аспаннан түсу (аяғы салбырап 
түсу) – 
ойда жоқта пайда болған нəрсе, құбылыс туралы фразеологизмінің
 
деривацияланған түрі. Мысалда фразеологизмнің мағынасы өзгерген. 
Екінші мысалда 
Бетіне қан тепті
1. ұялу, қымсыну; 2. ашулану. 
Көпмағыналы фразеологизмнің контекстегі қоданысы. 
Атына қарай тұрақты деп есептелетін фразеологиялық тіркестердің 
мұндай өзгерістерге түсуі заңды. Əдетте дерексіз ұғымдарды жеткізу 
үшін айтушының, тыңдаушының көз алдына нақты суреттілік керек 
екенін ескеру қажет. Адамдардың көз алдындағы жаңа бақылаулар мен 
жаңа ассоциациялар бұрыннан таныс көріністерді жаңа образбен беру 
қажеттігі туады.


98
Ұлт тіліндегі фазеологиялық қордың осындай авторлық ерекше 
сөз қолданыстары арқылы фразеологизмдердің жасалуындағы жаңа 
толықтырулар – шын мəнінде басқа мəдениет үлгілерін адамдардың өз 
қолымен дүниеге əкелуі, олардың қызмет етуімен ортаның өзгеше тір-
шілікке бейімделуін көрсетеді. Мұндай өзгерістер алдымен лексикада 
көрінсе, бара-бара фразеологиялық бірліктер құрамына ауысады. Со-
нымен, бұл жаңарулардың басты себептері: экстралингвистикалық жəне 
лингвистикалық. 
Экстралингвистикалық себеп – кейбір ұғым-түсініктердің ескіруі, 
жаңа ұғымдардың пайда болуы десек, лингвистикалық себептерге тіл-
дегі түрлі өзгерістер, тіпті пуризмдердің орын алуы, варваризмдердің 
дендеп енуі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет