Монография «Елтаным баспасы»


Асан  қайғыға салыну,  Түгел сөздің түбі бір, түп атасы  Майқы би, Лұқпан Хакімдей, Ап-



Pdf көрінісі
бет84/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

Асан
 қайғыға салыну
Түгел сөздің түбі бір, түп атасы 
Майқы би, Лұқпан Хакімдей, Ап-


122
латондай 
ақылды, 
Атымдайдай
жомарт, 
Есімханның
ескі жолы, 
Қасымханның 
қасқа жолы, 
сараңдықты сынайтын 
Шықбермес 
Шығайбай, Қарабайдай 
сараң 
т.б. тіркестердің этномəдени мазмұныныда 
деректі оқиғалар сақталған.
«Батырлық, байлық кімде жоқ, ғашықтың жөні бір басқа» деген бабалар 
нақылына орай, адал махаббаты дəріптейтін 
өыз Жібек пен Төлегендей, 
Қозы Көрпеш Баяндай
сияқты тұрақты тіркестердегі моральдық тəрбие 
үлгілері ретінде айтылатын ой тұжырымдар да кездесді. Бұлар ұрпақ 
санасынан тілдегі қолданыстар арқылы ешуақытта өшпейтіні белгілі. 
Өйткені бұл халық үшін керек, Ұлт үшін қастерлі рухани дем беретін 
ақылдың кені іспеттес. 
Қазақ ұлты қашанда батырлықты бағалаған ел. «Туған жерге туыңды 
тік» деп өсиет еткен халық батырларын баласынан артық көрген. Ел 
есінде сақталған сөздер халық батырларының ерекше қасиеттерін айта 
жүретіндей етіп тұрақтылыққа жеткізген. 
Қазақтың Үш Жүзін біріктірген тілімізде атақты Абылайханға 
қатысты жиі айтылатын «Абылай аспас асу бел», «Абылайдың ақ туы 
астында», «Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың 
ба» дейтін тіркестер бар. Əдетте кейбір тіркестер көбінесе өз ауыл, 
аймағына ғана белгілі болып, бүкіл жұртқа (бүкіл қазаққа) таралу шегін-
де шектеулік байқалады. Бұл заңды да, себебі əркім өз жерінің батырын 
қанша дəріптегенімен, бəрі Абылай емес екені белгілі. Сондықтан кейбір 
тіркестердің айтылу, қалыптасу, таралу деңгейлері бірдей болмайды. 
Мəселен, «Жауды қара қашырды, Батыр атақ Барақта қалды», «Арысқа 
əлі жетпеген, Ақсақ Темір көреген» т.б. 
Дүниені тітіреткен Темірдің Арыс өзенін бөгемек болып, түк шығара 
алмағандығынан ел аузына тараған сөз. Мұндай тіркестер көбінесе сол 
ру, сол географиялық аймақта ғана белгілі болғандықтан, кейде тіпті 
ұмытылып кетуі мүмкін. Алайда ел аузында сақталып қалған, түйінді 
сөздер алдымен қазақ тарихы мен ұлты үшін қажетті мəдени фактор 
екендігімен құнды екендігіне қарай, олардың да концепт жасауда өзіндік 
маңызы бар. Өткен өмір күндерінің елеулі оқиғаларынан «сымсыз пошта, 
сымсыз телефон» арқылы таралатын қуаты ой иірімдерінің түйінді де 
бейнелі тіркестері өткеннен бір сабақ дейтіндей меңзеуді аңғаратады. 
Бұл тіркестердің жасалу тарихы мен мазмұнын білу – жалқы есімдер 
арқылы əлемдік болмысты тану – «əлемнің тілдік бейнесінің фрагмент-
тер жүйесін» құрайтын ономастикалық жүйені анықтау деген сөз. 


123
Халық қашанда өзі сүйіп, құрметтеген өнер адамдарының ерекше 
қасиеттерін есіміне қоса айтып, қатты қастерлеген. Мұндай есімдер өте 
көп-ақ. Бірақ ел аузында көптің бəрі емес, бірегейі ғана жиі қайталанып 
айтылып жүреді. Сондай мысалдардың ішінде соңғы кезде қалыптасып, 
таралып кеткен Абай, Жамбыл, Күлəш т.б. сынды біртуар жандар тіп-
ті халық батасының ішінен орын алды. «Жамбылдың жасын берсін, 
Абайдың басын берсін, Сəкеннің сəнін берсін, Күлəштың əнін берсін» 
дейтін ақ бата, тілектер де ел аузында жиі айтылады. Бұл да болса өсер 
ұрпағына осылардай елінің елеулісі, халқының қалаулысы болып өссе 
екен деген игі тілек пен тəрбиелік уағыз дарыса екен деген үміт, ізгі ой, 
ниеттен туған тіркестер.
Тарихи оқиғаларға қатысты туған тұрақты тіркестердің өзі тұтас 
ұлт тарихын, оның бастан кешкен оқиғаларын баяндайды. 
Ақтабан 
шұбырынды алқа көл сұлама
– жоңғар шапқыншылығы кезінен қалған 
болса, 
сын сағат
– Ұлы Отан соғысы тұсындағы қиындықты бағалаған 
тіркес еді. Сондай-ақ сол кезде соғыста қайтыс болған немесе хабарсыз 
кеткен қазақ азаматтарына келген қаралы қайғыны естіртетін (извеще-
ние о смерти) қағазына халық 
қара қағаз 
деп ат қойды. Бұл тіркес соғыс 
жылдарында аса жиі қолданылды, фразеологизмге айналды. Бертін келе 
көркем əдебиет мысалдарында ұшырасатын болды. Ал 
қара тізім, қара 
тізімге іліну
сияқты тіркестер 37-жылдардағы репрессия кезінде жиі 
айтылғанымен ел басына төнген тағы бір қатерден белгі боп қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет