Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет98/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

4.4 Фразеологизмдер
дегі ұлтттық мəдениет негіздері
Ұлттық мəдениет ұлттың жан-күймен тығыз байланысты. Ұлттық 
жан, күй үйлесімі үш бірліктен тұрады. Ол: 
ұлттық мінез,ұлттық сезім, 
ұлттық салт-дəстүр. 
ü
 Ұлттық мінез
Əр ұлттың өзіне ғана тəн этностық таза мінез-құлықтың болуы мүмкін 
емес. Кез келген ұлттың психикалық қалыптасуын айқындау үшін халық 
тарихында өткен ерекшеліктер, өмірдің материалдық жағдайы, ұлт 
өміріндегі табиғи жағдайлар ескеріледі. «Ұлттық мінез-құлық дегеніміз 
– халықтың қоғамдық-өндірістік тəжірибесі а рқылы тарихи тұрғыда 
қалыптасқан машығы мен əдетінің жиынтығы, əрі жалпы жəне ерекше 
қасиеттерінің бірлігі». Қай ұлттың болмасын психикалық єалыптасуы-
на оның шынайы өмірі негіз болады. Кез келген ұлттың психикалық 
қалыптасуын айқындау үшін мыналарды ескеру қажет. Белгілі бір тарихи 
кезең, тарихи оқиға халық тағдырына елеулі ықпал ететіндіктен, əрбір 
ұлттың өмірінде, мəдениеті мен рухани психологиялық келбетінде өткен 
жолдың іздері қалары анық.
Қазақ халқының ұлттық мінезінің қалыптасуына шексіз кең дала, 
көшпелі жəне соның ықпалынан туындайтын халықтың тұрмыс тір-
шілігі негіз болды. Көшпелі халыє айналысқан мал шаруашылығы оны 
табиғатқа бағынышты етті. Табиғат құбылыстарын түсінбеген кезеңде 
сиқыр, əулиелерге құлшылық ету, сену т.б. Табиғатпен қарым-қатынаста 
өтіп жатқан өмір тəжірибелерінің негізінде, табиғат көріністеріндегі 


141
қайталану құбылыстарын байқау, ескеру, жинақтау негізінде тұрмысын 
икемдеу, бейімдеу, єалыптастыру, яғни, табиғатты меңгеруге ұмтылу 
сияқты қасиеттер басым болды. Табиғатты бағындыру арқылы емес, 
табиғатпен тіл табысу моральдық-этикалық қалыптарына айналған.
Ұлттық мінез халықтың жүріс-тұрысынан, іс-əрекетінен, сөйлеу 
мəнерінен, тіпті, адамдардың сөйлеу барысындағы қимылымен қатар 
талғамынан да көрінетін, оның сол халыққа тəн ерекшеліктерін 
байқататын қасиет.
Ұлттық мінез-құлық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп қалған биологиялық 
психологиялық құбылыс емес, географиялық ортаның жемісі неме-
се нəсілдік белгілермен байланысты ұлттық субстанцияның қияли 
туындысына да жатпайды.Негізі шындықты ұлт өмірінің өзінен, оны 
єоршаған табиғи өзгешеліктен єарастыру шарт. Ұлттық мінез-құлықта 
– халықтардың өзі жасаған тарихтағы заттық жəне рухани тіршілігінің 
бейнеленген көрінісі. Тарихи жағдай мен географиялық орта мəңгілік 
нəрсе емес, сондыєтан ұлттық мінез-құлық та белгілі өзгерістерге ұшырап 
отырады. Ұлттардың мінез-құлқы – олардың тарихи өмірінің нəтижесі. 
Тарихтағы белгілі оқиғалар мен күйзелістер өздерінің ұзақтығымен 
халық өмірінде, əсіресе, психологиясында белгі қалдырады. Оның ере-
кшеліктері халыє шығармашылығында, мəдениетінде жəне тұрмысында 
айқын сезіледі. Сондықтан ұлттық мінез-құлықты сақтаушы жəне алып 
жүретін – халық. Халықтан тыс ұлттық мінез-құлық жойыла бастайды. 
Кез-келген адам туған халқымен байланысын үзсе, басқа тілді, дінді, 
мінез-құлықты үйренеді.
Халқымыздың мінезіне тəн ең бір ерекше қасиет – рухани, əрі адам-
гершілік құндылықтарды жоғары бағалау. С.Темірбеков (1998) ондай 
құндылықтарға ақ көңілділік, шынайы адалдық, батырлық, сенімділік, 
көмек көрсету жəне үлкендерді құрмет тұту, ата-анаға деген шексіз ма-
хаббат, өзін-өзі құрбан ету т.с.с. асыл қасиеттерді жатқызады.
Əрбір адам үшін бұл қасиеттер ерекше байлық ретінде өте жоғары 
бағаланады. Мысалы:
 
«Ағынан жарылу»
– ақ көңіл, «
алақанға салып аялау»
– мейрімділік, 
«
ананың ақ сүтін ақтау»
– адамгершілік, борыш, «
өлімнен ұят күшті»
– намыс, «
бетегеден биік, жусаннан аласа», «құрақ ұшу», «бəйек болу»
т.б. – құрмет көрсету. 
Қазақ даласында қағазға жазылып қабылданған заңдар болмаған 


142
кездің өзінде ешкім бұза алмайтын рухани ережелердің маңызы өте 
зор болды. Халқымыз «Жігіттің екі сөйлегені – өлгені» дейді, яғни 
айтқанын орындамау, берген уəдесінен таю жігіт үшін өліммен тең бол-
ды. Сондықтан қазақтар арасында адамға деген сенімділік ешқандай 
күмəн тудырмаған. 
Мысалы:
«Тірідей жерге кіру»
–ұят пен намыс, «
уəде – құдай аты», «қоянды 
қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді», «
жақсы жігіт ақылына 
жеңіп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар» 
т.б. 
Қазақ халқының ұлттық мінезінің тағы бір көрінісі – оның 
қонақжайлылығы. Əрине, бұл – барлық халықтарға да тəн жалпы 
адамгершілік қасиет. Əйтсе де, жай ғана жолаушы болсын, мейлі ке-
дей, мейлі бай болсын, жолы түсіп бұрылған қонақты жылы шыраймен 
қарсы алып, шамасы келгенше сый-құрметін көрсетіп аттандыру қазақ 
халқы үшін заңмен тең болды. Сондықтан қашанда қонақ үшін сыбаға 
сақтаған. Осыған орай, əрбір жолаушы кез-келген қазақ үйінде қонақ 
асын «бөлінбеген еншім» деп талап етуге ерікті болған. 
Мысалы, «
қонағуар /қонақжай/ адам», «қонағын атқару», «қонақ 
асы», «қонақ кəде», «қонақ қойдан жуас» т.с.
сияқты фазеологизмдер 
ұлттық мінез сипатының айғағы. Яғни əрбір халыққа тəн ұлттық мінезге 
сол халықтың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, əдет-ғұрпымен, қоршаған 
ортаға деген көзқарасы негіз болмақ
ü


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет