133
Этникалық территорияның ландшафтары адамдар түсінігінде туған
жер ұғымымен ассоцацияланады. Қазақ мəдениетінде бұл ретте
туған
жер ұғымы
бəрінен де жоғары екендігін қалыптасқан тұрақты тіркестер
бойынан табамыз.
Мысалы:
Өлген мола,
туған жер
жібермейді,
Əйтпесе тұрмас едім осы маңда. (Абай)
Ал қазақ халқында сұлу қызды аспандағы айға, күлімдеген күнге,
судағы құндызға теңеуі, мысалы,
Ай мен күндей; Ай десе аузы, күн десе
көзі бар; Жаңа туған айдай
деуі ұлттық ұғымға, ұлттық сезімге жақын
көркем сөз айшықтары осының дəлелі.
Ерте замандағы қазақ қауымның ұғымында жер жүзіндегі барлық
жаратылыстың түпкі тегі төрт нəрседен: топырақ, су, от жəне жел-
ден (ауадан) жаратылған. Барлық болмыстық өмір сүру тетігі: жарық
пен қараңғылыққа байланысты деп білген. Олардың ойынша: жарық
– жылудың, күннің, өмірдің,
жақсылықтың, бақыттың нышаны; ал
қараңғылық – суықтың, түннің, өлімнің, жамандықтың нышаны. Бұларды
бір-біріне қарама-қарсы күштер деп есептеген.
Қазақ көне дəстүрі бойынша, жер – адамзат, жан-жануар, ағаш-шөптің
анасы. Аспан – жарық, жылу беріп, жаңбыр жаудырып есіркеуші ата-
сы деп есептелген. Сондықтан, ерте кездегі қазақтар көк тəңірге, жер
анаға табынған. Қазақтың ұғымында: көк аспан бейнесі қазақтардың
үйі сияқты, барлық өмірге пана болған көк күмбез. Аспан əлеміндегі
жұлдыздар – осы көк күмбезге жағылған шырақтар, олардың ойынша:
аспандағы жұлдыздардың адам өмірмен тығыз байланысы бар. Əрбір
адамның өмірін жаратып, тағдырын бейнелейтін бір жұлдызы болады.
Ол жұлдыз жоғарылса, бұл адамның бағы өрлейді, ал жұлдыз төмендесе,
бұл адамның бағы қайтады. Жұлдызы оңынан туса, барлық іс сəтті бо-
лады, жұлдызы солынан туса, қырсық шалады, ол жұлдыз жерге түссе,
бұл адам өледі де, оның жаны көкке ұшады дейді. Қазақтар ісі оңалған
адамды «жұлдызы оңынан туды» дейді.
Мысалы:
• Олар Ресей патшасының
айы оңынан, жұлдызы солынан туып
,
жолы болып тұрғанын, құрығының ұзын екенін жақсы білгені. (Хан
Кене. 233 б.).
134
«Айы оңынан туу» фразеологизмінің астарында халықтық бақылау
тəжірибесі жатыр. Адамдар жаңа туған айдың алғашқы формасына қарап,
жауын-шашынды немесе жайлы болатынына қарй алдағы күн-көріс тір-
шілігі мен шаруашылығын жоспарлай алған. Егер ай шалқалап жатып
туса, «өзіме жайлы, шаруаға жайсыз» деп айтады деген түсінік бар.
«Жұлдызы солынан туу» – ежелгі түсінік
бойынша адамдардың
жұлдыздары əр алуан: кейде топырақ, кейде су, кейде от, кейде жел сияқты
болып келеді, бұл сол адамның мінездемесін, адамдар арасындағы қарым-
қатынастарды белгілейді. Жұлдызы су сипатты адам жұлдызы от сияқты
адаммен жараса алмайды. Қазақтар жараса алмаған ерлі-зайыптыларды
көргенде «бұлардың жұлдызы жараспады» дейді, өмірі бір біріне өш
болып өткен немесе жауласып өткен адамдарды «бұлардың бірі-бірі-
не жұлдызы қарсы» дейді. Қазіргі бұл наным-сенімнің сарқыншақтары
аңыз-ертегілерде там-тұмдап сақталып келеді (Ғызыхан, 342).
Түркі халықтарының мəдениетінде
Достарыңызбен бөлісу: