сөну.
♦ Фразеологиялық мағынаның өзінде қарама-қарсы ұғымның болуы
антоним фразеологизмдердің жасалуына ықпал етеді.
Су сепкендей ба-
сылу ↔ Жүрегі алып ұшу.
♦ Кейде болымсыз жұрнақтардың қызметі компонеттер арасында ан-
тонимдік мағына туғызады:
Куəлі
істі куə табар
↔
Куəсіз
істі күмəн
табар.
♦ Фразеологизм құрамындағы кейбір компоненттер өзара қарсы мəндде
айтылмай, бірақ мəнмəтінде /контексте/ анонимдік мағына жасайды:
Қысқа күнде қырық рет шабу, Мұңын мұңдау, жырын жырлау;
Бұлар
прагматикалық антонимдер деп аталады.
Антонимя құбылысы жеке
сөздер мен фразеологимздерде əр түрлі көрінеді. Ал олардың арасындағы
жалпылылық – антонимияның лингвистикалық құбылыс екендігі. Жеке
сөз бен фразеологиялық бірліктердің екі басқа тілдік фактор болуы – ере-
кшеліктері. Сондықтан фразеологизмдер мен сөздердің антонимиялығы
лексикалық, фразеологиялық талдауды қажет етеді.
184
5.4 Фразеоло
гиздердегі көпмағыналылық
Тілдегі бір сөздің көп мағыналы болуы сол сөздің жан-жақты мағыналық
тарамдалып көбеюіне, баюына ұйытқы болады. Көпмағыналылық – тіл
дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Кез келген тілдің түсіндірме
сөздіктері жеке лексеманың көпмағыналылығын арнайы мысалдармен
дəйектеп отырады. Содан барып, тіл байлығы жеке сөздердің көптігімен
ғана емес, оның мағыналық қырларының молдығымен де өлшенеді.
Полисемияны анықтаудың ең басты қағидасы – мəнмəтін.
Пардигматикалық байланыс синоним, антонимдерде айқын басымдық
танытса, көпмағыналылық пен омонимия əрі парадигматикалық, əрі
синтагматикалық байланыста тең дəрежеде көрінеді.
Полисемия лексикалық бірліктермен қоса фразеологизмдерге де
тəн. Жеке сөздерге қарағанда полисемия құбылысы – көпмағыналылық
тұрақты тіркестерде сирек кездеседі. Қазақ фразеологиясындағы
көпмағыналылық туралы І.Кеңесбаев, Ə.Болғанбаев т.б. пікірлері бол-
маса, бұл мəселе жүйелі зерттелмеген.
Фразеологизмдердің семантикалық категориялары ретінде
полисемантизмнің саны көлемді болмаса да ажырата білудің теориялық
жəне практикалық маңызы бар.
♦ Көпмағыналы фразеологизмдердің мағыналық құрылымын анықтау
алдымен лексикографиялық еңбектерді түзуге керек.
♦ Қазақ тіліндегі көп мағыналы фразеологимздердің санын есепке
алу қажеттігі де бар.
♦ Фразеологизмдер бірден көпмағыналылыққа ауыспайды.
Полисемияның себебін анықтау үшін тілдегі ішкі фактор, мəселен, стиль-
дік жəне экстралингвистикалық фактор, қоғамдағы əлеуметтік əр түрлі
жағдайлардың əсері талданады. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер
ұқсас ассоциацияны тудыратындықтан, кейбір фразеологизмдердің
мағынасы бірте-бірте полисемияға ұшырайды. Бірақ бұл өте ұзақ про-
цесс.
♦ Көпмағыналылық фразеологизмдердің барлық түрінде кездеспей-
ді. Оның себебі мағынасы неғұрлым тұрақтанған идиом тіркестер-
ден гөрі, ауыспалы мағынадан, метафоралық тəсілдерден жасалған
фразеологиялық бірліктер көпмағыналылыққа бейім келеді.
185
Осы аталғандардың ішінде тұрақты тіркестерде көпмағыналылықтың
пайда болуына тілдің ішкі, сыртқы себептері басты фактор екендігін
естен шығармау керек.
Фразеологизмдердің өзі көбінесе метафораланудың нəтижесінде ер-
кін сөз тіркесінің ауыспалы мағынада қолдануынан жасалатыны бел-
гілі. Олай болса, фразеологизмнің жаңа мағынасы сол бұрын жасалған
еркін сөз тіркесінің параллель дамуы арқылы пайда болады. Демек бір
фразеологимзнің əр түрлі мағынасы оның алғашқы жəне соңғы ауыс
мағынасының ара қатысына тəуелі емес. Оның əрқайсысы сол өзі пайда
болған бұрынғы тура тіркес мағынасына ұмтылады.
Сондай-ақ, көпмағыналы фразеологизмдердің мағыналары бір-бірі-
мен үнемі тура, ауыспалы, негізі жəне туынды қатыста болады деген
пікірлер үстем. (Н.Шанский).
Егер көпмағыналы сөздердің даму процесі мəнмəтінге (контек-
ске) тəуелділігі аз болып келсе, ал бір мағыналы фразеологизмнің
өзі мəнмəтінде шектеулі боп келетінін ескерсек, онда көпмағыналы
фразеологизмнің мағынасын контексте аналитикалық тəсілмен
жұмсалуын бақылауға болады. Мұның өзі көп мағыналы фразеологизмнің
контексте оның дамуына кəдімгідей əсер етеді., яғни шектейді.
Көпмағыналы фразеологимздердің мағыналық дамуына олардың
семантикалық құрылысы көп əсер етеді. Егер фразеологизм семаниткалық
жағынан бөлінбей, компонент құрамына мағына тəуелді болмаған
жағдайда, олардың арасында көп мағыналық пайда бола бермейді.
Мəселен, идиом тұрғысындағы фразеологизмдерде мүлдем кездеспей-
ді. Компоненттер арасындағы семантикалық байланыстың сақталуы
полисемияның дамуына əсер етеді. Бұл, əсіресе, фразеологиялық бір-
ліктер арасында көп байқалады.
Фразеологизмдердегі көпмағыналық туралы пікірлерді жинақтай
келе, бір фразеологизмнің көп мағыналығын айқындау үшін мына бел-
гілер ұсынылады:
♦ Фразеологиялық бірліктер құрамындағы компоненттердің
семантикалық еркіндік дəрежесі сақталады.
♦ Əр мағынаның түрлі мазмұнда жұмсалуы үшін бір ойдың түрлі зат,
құбылыспен ортақ байланысы болуы керек.
♦ Егер компоненттер арасындағы байланыс əлсіреп, мағыналары
мүлдем алыс, мағыналық байланыс болмаса, онда көпмағыналылық
емес, омоним фразеологизмдер пайда болады.
186
♦ Полисемиялы фразеологизмдер əр түрлі сөз табынан болады жəне
əр түрлі синтаксистік қызметте жұмсалады.
♦ Мағынаның жұмсалуында фразеологизмдер біркелкі грамматикалық
байланыста болмайды.
♦ Фразеологизмдердің түрлі мағынада жұмсалуына интонацияның
да əсері бар. Мысалы:
Соған байланысты, І.Кеңесбаев көпмағыналылықтың екі түрлі жасалу
жолы бар деп көрсетеді: жалғаса жəне жарыса туатын мағына.
Фразеологиялық полисемияның мағыналық құрылымы екі сатыдан
тұрады. Бірі – фразеологизмнің
Достарыңызбен бөлісу: |