1 ТАРАУ Фразеологияның когнитивтік-семантикалық апектілері 1.1 Фразеологизмдердің тұрақталу ерекшеліктері Қазіргі қазақ тілінде фразеология мəселесіне қатысты тұрақты тір- кестер жəне фразеологизмдер деген тілдік термин бар дедік. Бұл екі
термин параллель қолданыста жүргенімен, кей ретте тұрақты тіркес- тер кең мағынада, ал фразеологизмдер тек идиомдар, яғни нағыз фра-
зеологизмдер ұғымында қабылданатын тұстары бар.
Қазақ фразеологиясы да басқа ұлт тілдеріндегідей өзінің зерттелу
тарихында классикалық дəуірін бастан өткізді. Осы тұста қазақ тілін-
дегі фразеологизмдер зерттелу дəрежесіне қарай, тілдік бірлік ретінде
анықталып, тақырыптық семантикалық топтарға бөлінді, стильдік ере-
кшеліктері біршама сөз етілді. Тілдегі фразеологиялық фактілер күні
бүгінге дейін көптеген ғылыми еңбектердің ізденіс нысаны болып келеді.
Алайда бұрынғы кеңестік дəуірден басталған фразеологизмдерді тар
жəне кең мағынада түсіну, яғни мақал-мəтелдердің «дауы» – бұларды
фразеологияда қарастыру керек пе, жоқ па деген пікірлер қазақ фразе-
ологиясында да аракідік бас көтеріп қояды. Бірақ оған пəлендей маңыз
беріп, нүкте қою екінші кезектегі мəселе ретінде қалып отыр. Демек
қазақ фразеологиясының даму деңгейіне кейінгі ғылыми ізденістер
көрсеткіш болғанымен, бұдан басқа да кейбір түпкілікті айтылатын ой-
тұжырымдар əлі айтылмай келеді.
Фразеологияның зерттеу объектісі не деген сұрақ В.В. Виноградов
жазған еңбектерде айқындалды. Фразеологизмдерді топтастырудың
В.В.Виноградов ұсынған үлгісі тек орыс тіліндегі фразеологизмдерді
жүйелеп, сипатын анықтау ғана болған жоқ, келе-келе ол бұрынғы Одақ
көлеміндегі ұлт тілдеріндегі тұрақты тіркестерді анықтап, жүйелеуге
көш басы, үлгі ретінде пайдаланылды. Қазақ фразеологиясының негізін
салған І.Кеңесбаевтың да өзі айтқандай «табан тіреген» тұсы осындай
ұстанымдар еді.
Тілші ғалымдардың ден қойған əрі талассыз аксиомаға айналған, фра-
зеологизмдерге қатысты айтылатын үш түрі мен үш белгісі қазірге дейін
ғылым тұғырынан түспей келеді. Олар: фразеологиялық тұтастық,