Монография «Елтаным баспасы»


Фразеологиялық семантика жəне фрейм



Pdf көрінісі
бет54/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   193
Байланысты:
Verstka

2.4 Фразеологиялық семантика жəне фрейм
Фрейм туралы түсінік қазіргі лингвистикаға Ч.Филмордың белгілі 
еңбектері арқылы енді. (Солардың бірі – «Фреймы и семантика понима-
ния» //Новое в зарубежной лингвистике. Вып.23.Когнитивные аспекты 
языка. М,.1988. С. 52-92). Автор фреймді: 
• білім мен тəжірибенің ерекше жалпыланған конструкциясы немесе 
жүйесі; 
•  жəне  когнитивтік  құрылымдар  арқылы  сөзбен  жеткізілген  білім 
жинағының асоциацияланған концептілері деп түсіндіреді.
Фрейм
 көбінесе заттың, құбылыстың лексикалық мағынасы, ол тілдік 
тұлғаның энциклопедиялық жəне этнолингвистикалық білімі негізінде 
санада көрініс табады. Демек адамдар санасында сақталған əрбір ақиқат 
фрейм бола алады. 
Фразеологияға  фреймдік  тəсіл  фразеологизмнің  лингвистикалық 
жəне экстралингвистикалық семантикасының ара-жігін анықтау үшін 
қажет.  Фразеологиялық  семантика  теориясына  бұл  керек  нəрсе.  Се-
бебі  фразеологиялық  мағынаның  негізгі  мəнін  анықтау  адамның 
интеллектуалдық іс-əрекетінің тереңдігіне, оның танымы мен ойлауына, 
интуициясына байланысты. 
Фразеологиялық мағынаның негізігі мəнін тілді тұтынушы білме-
гендіктен «Ат шаптырым жерден бір күшік шыға келді» деген қате 
қолданыспен сөйлейді. Бұл арада ат шаптырым жердің ұзақтығын 
білмегендіктен  жүгіріп шыққан күшікті көріп отыруы айтушының 
интеллектуалдық іс-əрекетінің шектеулігін,  тілдік танымның 
жоқтығын, лингвистикалық интуициясының төмендегін көрсетеді. Ат 
шаптырым жер – ара қашықтық өлшемі, шамамен 20-25 шақырым.(бұл 
туралы да əртүрлі өлшем алынып жүр). Фразеологизмнің қалыптасуына 
этностың тұрмыс тіршілігіне қатысты ұлттық өлшем əсер еткен. 


61
Когнитивтік фразеологияда «өлшем» концептісі «ерекше концептілер» 
қатарына енеді. 
Фразеологизмнің  семантикалық  құрылымы  этностық  ұжымның 
қабылдау, ассоциация, интеллектуалды-эмоционалдық тəжірибесімен 
тығыз қатынаста болады. Когнитивтік фразеология фрейм туралы оның 
басқа да ерекшеліктерін аныықтайды. 
Когнитивтік  фразеологияға  қатысты  фрейм  туралы  Н.Ф.Алефи-
ренконың [2008:81-82б] төмендегі пікірлерін келтірсек: (мысалдар қазақ 
фразеологизмдерінің деректері бойынша)
•  Белгілі  бір  мəдени  концепт  төңерегінде  ұйымдастырылған 
маңызды, типтік білім бірліктері: қара сөзді қамшы қылу; сылдыр 
көмей, жез таңдай; хан талапайға салу; қыздың жиған жүгіндей; 
жатып жастық, иіліп төсек болу; жастығын ала жату;көйлегі көк, 
тамағы тоқ; үрерге иті, сығарға биті жоқ т.б. 
•  Дағдылы  жағдаяттарды  (стеоретипті  ситуация)  көрсететін 
мəліметтер: «ыстық/суық», «жолы болу/жолы болмау», «байлық/ке-
дейлік», «сараңдық/жомарт», «өтірік/шындық», «жылау/күлу» т.б. 
Мысалы:құс  қанаты  күйгендей;  ақ  қар,  көк  мұз;  қайығы  желге 
өрлеу;жұмыртқадан жүн қырыққан; қолы ашық; үрерге иті, сығарға 
биті жоқ; ішкені алдында, ішпегені артында; үлде мен бүлдеге ора-
ну; тапқаны тамағына, жұтқаны жұмырығына жетпеу; ұрттап 
ішіп,  шайқап  төгу;  өтірікті  судай  сапыру;  өтірікшінің  шын  сөзі 
зая; еңірегенде етегі толу; ботадай боздау; екі езуі құлағына жету; 
жымың қағу т.б
• Сөйлеу мен ойлау жағдаяттарына қатысты білім, пікірлердің фра-
зеологизмдер арқылы қайталанып отыратын когнитивтік модельдің 
типтері:  көз  қылу,  (алдау),  қолмен  қойғандай,  санда  бар  санатта 
жоқ; əліптің артын бағу; намысын жырту; асулы қазан, тігулі үй; 
шаңыраққа қарау т.б. 
• Жанама-туынды аталымдарды біріктіретін білімдер құрылымы: 
«Тəуекел»: қайдан шықса, онан шықсын; не болса, о болсын, не болса 
да, не десе, о десін, су ішсем де, у ішсем де, тау күйіп тас жанса да; 
қайдан шықса, одан шықсын; көзді жұмып тұрып т.б т.б. 


62
Сонымен, фрейм туралы бұл айтылғандарды түйіндесек: иерархиялық 
ұйымдасқан құрылым ретінде фразеологиялық семантикадағы білімдер 
жинағы дағдылы жағдаяттарды көрсетеді. Сондай-ақ, фразологизмнің 
когнитивтік  құрылымы  олардың  тұрақты  əрі  үздіксіз  білім  дина-
микасына  негізделеді.  Бұл  фразеологизмдердің  варианттылығынан 
көрінеді.  Мысалы,  көзі ұясынан (шарасынан)  шығу – қорқу;  арам 
(суық) қол – ұрлық туралы; жүзін (түсін), (өңін) жылту – ашуы басылу, 
сабасына түсу; ішіп-жемей мас болу (мəз болу), (бай болу), (тою), (көңілі 
толу), (риза болу) – бірнəрсеге риза болу.
Фрейм концептіге қарағанда ішкі құрылымының беріктігімен ерек-
шеленеді. Оның ішкі формасын қалыптастыратын ақпараттарға қатысты 
мағыналық бөліктері болады. (Н.Ф. Алефиренко «слоты» деп атайды). 
Ақпараттық  мазмұн  бойынша  ол  бөліктер  қарапайым  немесе  аялық 
білімге қарай күрделі болып келеді. 
Мысалы, БУЫНЫНА ТҮСУ – көңілі жайлану, елжіреу, тоқмейіл болу 
деген мағынада. 
- Мен бұрын жаумен алысып, сүйегіме қарысып, сыр бермей жүреді 
екенмін. Жасым жетті ме, əлде жеңіс қуанышы буыныма түсіп кет-
ті ме, шаршап-шалдыққанымды енді біліп отырамынн, – деді Төле 
би. – Келер жылы хан кеңесіне бара алам ба, жоқ па бір алла біледі. 
– Абылайға менен дұғай-дұғай сəлем айтыңдар. Биылғы жеңістің ізін 
суытпасын. (Қ.Жұмаділов).
Қазіргі  қазақ  тілінде  «қалта»  –  аялық  білімге  ие  болған  лексема. 
Əсіресе кейінгі тілдік қолданыстарда əрі жиілігімен, əрі көп қырлы кон-
нотациясымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет