Мысық тілеу – ниеті жаман адам
Мысық табан – байқатпай, сездірмей жүру Ит пен мысықтай – өш, араз ТАУЫҚ, ҮЙРЕК, ҚАЗ көшпелі тіршілікте болмаған, кейін отырықшы
кезде ғана қолға ұстаған. Үй құстарын өсіру қазақ мəдениетінде кейін-
нен қалыптасқан шаруашылықтың түрі. Татар, башқұрт тілдерінде
тауық, үйрек, қаз фразеологизмдерге ұйытқы сөз ретінде көптеген тір-
кестерді құрайды. Бір қызығы «тауық» сөзінің түркі тілдеріндегі кон-
нотациясы көбінесе жағымсыз реңкте фразеологиялық тіркестер мен
мақал-мəтелдерде кездеседі.
Қазақ тілінде:
тауықтың миындай – ақылы аз
суға түскен тауықтай – бейшара, аянышты хал
соқыр тауыққа бəрі жем/бидай/ – білмеген адамға бəрі бірдей