Монография «Елтаным баспасы»


Парадигма  дегеніміз  –  ғылыми  бірлестіктердің  мүшелері



Pdf көрінісі
бет23/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   193
Байланысты:
Verstka

Парадигма  дегеніміз  –  ғылыми  бірлестіктердің  мүшелері 
мақұлдаған  ғылыми  жетістіктері  жəне  ғылыми  проблеманың 
қойылуы  мен  оларды  шешудің  жолдары.  Парадигмаларға заңдар, 
теориялар, қолдану тəсілдері, қажетті жабдықтар  жатады. Ғылыми 
бірлестіктің белгілеріне концептуалды модельдер, жалпы тұжырымдар, 
құнды мақсаттар, шешімдер, белгілі бір проблемалар мен міндеттерді 
шешудің үлгілері енеді. Кунның айтуы бойынша, «бұл – дəстүр ретінде 
ғылымға келудің, меңгерудің ғылымның өмір сүруі жəне ғалымдардың 
бір арнадағы парадигмада жұмыс істеуі. Олар бұрынғы білімді кеңейтіп
тереңдетеді, жаңа теорияларды жасамайды» [Кун, 1977: 31]. Сондықтан 
болар, гуманитарлық ғылым саласында кейде, «бұл бұрын да айтылған 
мəселе еді ғой, мұның несі жаңалық» деген ойлар ара-тұра айтылып жа-
тады. Алайда «бұрынғы білімді кеңейтіп, тереңдету» қазақ тіл білімінде 
соншалықты маңызды екендігін айта кету керек. Бұл ретте қазақ фра-
зеологиясы туралы, оның қазіргі ғылыми парадигмалары қандай деген 
сауалға жауап ғылыми өзектілігі жоғары тақырыптардың бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет