Монография посвящена истории дипломатии Казахского ханства



Pdf көрінісі
бет234/236
Дата23.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#143088
түріКнига
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   236
ТҮйІн
Клара Хафизова
XVIII-XIX ғасырларда дала билеушілері мен олардың 
дипломатиясы
Хафизова Клара Шайсултанқызының монографиясында Қазақ 
билеушілерінің үш буынының, оның ішінде Әбілмәмбет пен 
Абылайханның балалары және немерелерінің ғұмырбаяны арқылы 
Қазақ хандығының екіжүз жылдық дипломатиялық саясаты 
қамтылған. Халықаралық қатынастағы қиын жағдайларға қарамастан, 
әсіресе Ресейдің хандықты ыдырату әрекетінен кейін, олардың қа-
зақ мемлекеттілігін, территориялық біртұтастығы мен ұлттық бірлі-
гін сақтап қалуға деген үздіксіз күресі көрсетілген. Уәли сұлтанның 
баласы Ғұбайдулла сұлтанның өмірі мен ішкі және сыртқы саясаты 
зерттеледі. Оған қоса, Цин және Ресей империяларының Ғұбайдулла 
сұлтан ұстанған саясатқа деген көзқарасы мен қимыл-әрекеттеріне 
сараптама беріледі. Сонымен қатар еңбекте әйгілі саяси тұлғалардың 
өмірбаяндарына өзгертілулер енгізіліп, қазақ тарихының жаңа бет-
тері ашылып, жаңа есімдермен толықтырылады. Еңбекте хандықтың 
дипломатиялық істеріндегі батырлар мен басқа да старшиндардың 
рөліне үлкен көңіл бөлінген.
Қазақ хандығының дипломатиялық тарихында бірнеше тұлғалар 
бар. Олардың ғұмырнамаларында өзі өмір сүрген дәуірі ашылып 
жазылған. Осындай тұлғалардың өмірі туралы жазбалар бізге Қазақ 
хандығының көптүрлі және күрделі халықаралық байланыстар жүй-
есін үш орталық күштер, яғни Ресей, Цинь империясы және Ислам 
әлемі арасында қалыптасқан ахуалды түсінуге көмектеседі. Ислам 
әлемін XVIII-XIX ғасырларда Қоқан, Бұхар, Хиуа хандықтары және 
Иран мен Түркия мемлекеттері таныстырған. Қазақстанның әртүрлі 
бөліктерін географиялық орналасуы мен қалыптасқан күштің ықпа-
лына қарай әртүрлі жаққа тартып отырды. Тарихи тұлғалардың тағ-
дырында хандықтың барлық шиеленістері, егемендікті сақтау үшін 
жекелеген құзіретті билік берілгендігі, содан кейін тәуелсіздіктің 
түпкілікті жоғалуы көрініс табады. Алайда, бұл процесс олардың 
күш-жігерінің арқасында, қазақ мемлекеттілігінің сол кездегі өзіндік 
ерекшелігіне, экономикалық артта қалушылығына, әскери әлсіздігі-
не, державалармен байланыстағы ру-тайпалық одақтар 

жүздердің 
бытыраңқылығына қарамастан, 200 жылға жуық уақытқа созылды.


475
• Степные властители и их дипломатия в ХVIII—ХIХ веках •
Қайраткерлердің көпшілігін «ақ сүйектер» құрады, сол себепті
сыртқы байланыстар мен дипломатиялық қатынастарды атқару хан-
дар мен олардың жақын туыстары – сұлтандардың артықшылығы-
на жатты.Шыңғыс тұқымдарының атын жамылып, шын мәнінде Ұлы 
жүз руларын билеген Төле би ғана ерекше атаққа ие болды. Сұл-
тан-баһадүрлерге қарамастан, елшілер арасынан «қара сүйектен» 
шыққан батырлар мен билерді кездестіреміз, дегенменде оларда 
өз кезегінде қазақ бай-манаптарына жатты, өзі қызмет етуші билеу- 
шілердің үйімен туыстық қатынастарда болды.
Монографияда державалардың үш рулық одақтарды (жүздерді)
жекелеген хандықтарға бөлу саясатын жүзеге асыру кезеңі, сон-
дай-ақ осы хандықтарды жойғаннан кейін аға ханның (сұлтанның) 
дәстүрлі институты зерттеледі. Монографияның басты кейіпкерлері-
не Әбілмәмбет, Абылай, Уали хан, олардың ұрпақтары және жақын 
туыстары; Ұрыс, Алтынсары, Жошы сұлтандар, Сарт Ючин, Кенесары, 
Ғұбайдолла, Тезек, Шоқан Уалиханов, сонымен қатар Төле би, 
Қабанбай батыр, Қожаберген, Бердіқожа және басқа да көптеген ру 
басшылары мен старшиндар жатады. Сонымен қатар жоңғар ханы 
Давашының биографиясы келтірілген.
Ресей, ҚХР, Тайвань ( қазақ тарихнамасында бірінші рет) мұрағат 
құжаттары, сондай-ақ қазақтың тарихи өсиетнамасы 

рулық-шежіре-
ден материалдар келтірілген. Оқырмандар қытай құжаттарынан 
алынған, автордың 1989, 1995, 2015 жылдары аударылып және же-
келеген Жинақтарда жарық көрген толық мәтінді қарастыра алады. 
Монография Қазақстан тарихы мен Орталық Азия өңіріндегі халықа-
ралық қатынастар мәселесімен шұғылданатын ғалымдарға, оқы-
тушылар мен студенттерге арналады.


476
• Клара Хафизова •


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет