Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет24/61
Дата06.03.2023
өлшемі290,73 Kb.
#71985
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61
Байланысты:
kazirgi kazak tilinin morfologiyas nan daris tezisteri

Дәріс
Есімдік
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Есімдіктің сипаттары, басты белгілері. Оның басқа сөз таптарының орнына қолданылуы, мағыналық топтары: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері. Бұлардың мағыналық, түрлену ерекшеліктері, синтаксистік қызметтері. Есімдіктердің зерттелу тарихы.
Дәріс жоспары:
1.Есімдік, оның лексика-семантикалық сипаты.
2.Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері.
3. Есімдіктің синтаксистік қызметі.
4. Есімдіктің мағыналық топтары.
Дәріс мақсаты: Студенттерге есімдік жайлы теориялық мағлұмат беріп, практикалық тұрғыдан машықтандыру.
Сөздерді таптастырудың белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан негізгі үш принципіне сай, қазақ тіліндегі есімдіктер де лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы боп бөлінеді.
Лексика-семантикалық сипаты.
Есімдіктерді дербес сөз табы деп тануда негізінен лексика-семантикалық принцип негізге алынады. Өйткені есімдіктердің мағыналары өзге сөз таптарының мағыналарына қарағанда көптеген өзіндік ерекшеліктермен оқшауланып, айрықша көзге түсіп тұратын мағыналар боп келеді.Есімдіктер мағыналары тым жалпы сөздер. Есімдік сөздер сөйлемнен тыс жеке-дара тұрғанда немесе сөйлем ішінде қолданылғанымен өзіне қатысты басқа сөздер және оқиғалардан бөлек алынғанда, мағыналары қашан да дәл нақтылы болып келмей, өте жалпылама қалыпта кездесіп отырады.
«Мен» деген есімдік түптеп келгенде «1 жақ сөйлеушіні», «сен» деген есімдік» 2жақ тыңдаушыны», «кім?, біреу - дегендер әйтеуір «адам»,» ештеңе - бір «зат» сияқты жалпылама берілетін ұғымдарды ғана көрсетеді. Бұлардың түп негізінде «сөйлеуші», «тыңдаушы», «адам», «зат» деген ұғымдар аңғарылғанмен, олар нақтылы түрде айқын, анық бола бермейді,өте жалпылама қалыпта ұғынылатын мағыналар есебінде беріледі.
Есімдіктердің тым жалпы мағынада қолданылуын, әрине олардың реальдық нақтылықтан қаншалық алшақтап , қаншалықты абстракциялану дәрежесіне жету шегінің көрінісі деп ұғынған жөн. Есімдіктердің жалпылама мағыналары белгілі сөйлемдерде, контексте қолданылу ретіне қарай сөз тіркестері мен сөйлемдерде берілген ойдың жүйесіне қарай әр қилы нақтылы мағыналарға ие боп отырады.
Есімдік сөздердің мағыналық ерекшелігінің келесі бір өзіндік белгісі - олардың әрқашан субьектімен байланыста болуы. Есімдік сөздер әрқашан сөйлеуші немесе сөйлемдегі субстанцияларға, құбылыстарға,олардың сапалары мен қасиеттеріне қатынасын көрсетуші сөздер боп саналады. Бұл қатынастар есімдіктердің өз ішінде тікелей нұсқау, аралық қатынас, белгісіздік сияқты боп келеді.
Морфологиялық ерекшеліктері
Есімдіктердің мағыналары тым жалпы болғанымен, олар түптеп келгенде зат және заттық белгі деген ұғымдармен ұштасып, жалпы зат не заттық белгі деген ұғымдарды білдіріп, сол ұғымдардың жалпы түрдегі атауы боп келеді. Сондықтан да олардың осы заттық және заттық белгісі деген ұғымдарды жалпылама болса да, бойына сақтау қасиетіне байланысты есімдіктер атауыш сөздер қатарына жатады. Есімдіктер түгел алғанда жалпы атауыш сөздер болып саналады да, ол атаулық қасиет ішінара күрделі екі жікке бөлінеді. Мен, сен, не,кім есімдіктері – заттық ұғымдығы сөздер зат атаулары, бұл, сол, қай есімдіктері заттың белгісі ұғымындағы сөздер – белгі атаулары боп шығады. Осы мағыналық жіктер өз тарапынан есімдік сөздерді біріншіден заттық ұғымдағы сөздер – субстантивтік есімдіктер, екіншіден заттың белгісі ұғымындағы сөздер - атрибутивтік есімдіктер деп екі салаға бөлінеді. Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін сөздер тобына қосылады. Осы негізгі екі жік есімдіктердің түрлену жүйесінде негізгі жетекші роль атқарады. Мысалы субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есім сияқты көптеледі, тәуелденеді, септеледі, жіктеледі, ал атрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында түрлену формасының ешқайсысын қабылдамайды. Түрлену формалары атрибутивтік есімдіктерге тек субстантивтенген жағдайда ғана яғни заттық ұғымға ие болғанда ғана қосыла алады.Есімдіктердің өзге сөз таптарынан бөліп, жекелеп тұратын морфологиялық ерекше белгі – есімдіктердің бәріне бірдей, бәріне ортақ заңдылық - бір формалар немесе өзгерту тәсілдерінің жоқтығы. Бұл олардың екі жікке бөлінуіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет