Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет11/61
Дата29.10.2023
өлшемі290,73 Kb.
#121004
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61
Байланысты:
kazirgi kazak tilinin morfologiyas nan daris tezisteri (1)

Зат есімдердің жасалу тәсілдері
1)Лексикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге байырға зат есімдер, басқа тілден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тарылу, не ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады.
2) Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі екі я онан да көп түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесіп құралуы,қысқарып құралуы арқылы және лексикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жатады.
3) Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады.
Есімдерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар: -шы,-ші (әдебиетші, егінші, барлаушы, жақаевшы),-шылық,-шілік (егіншілік, тіршілік, адамшылық),-лық,-лік( кісілік, өткірлік, жоқтық, айлық),-ыл,-іл( гүріл, қаңқыл, лапыл),-кер,-гер(айлакер, дәрігер, суреткер).
Есімдерден зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар: -дақ,-дек (құмдақ,саздақ, тайлақ),-кеш,-паз,-қор,-қой,-хана,-стан (өнерпаз, арбакеш,жемқор, асхана,Қазақстан),бірлі жарым сөзде кездесетін –т,-ат,-іт,-айт,-ейт,-паң,-қал(сызат, шөлейт, құмайт,шатқал).
Етістіктерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар: -ма,-ме( ілме, суырма, баяндама, шығарма),-м,-ым,-ім (байлам, тыйым, тізім),-қы,-кі(бұрғы, сүзгі, тепкі, ашытқы),-ыс,-іс,-с (өріс, егіс, құрылыс),-у (асу, ауру, қашау), -қ,-к,-ық,-ақ (тарақ, күрек, пышақ, бұйрық, жинақ), -ынды,-інді (жуынды, шайынды, ертінді),-ғыш,-гіш(сыпырғыш, секіргіш, ескерткіш),-ыш,-іш(қуаныш, өкініш, сағыныш),-уыш (өлшеуіш, желпуіш, баяндауыш).
Етістіктерден зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар: -мақ,-мек (ілмек, оймақ, жұмбақ),-сын, -сін(борасын,бөгесін, бұрқасын), -мыс,-мыш( қылмыс, болмыс, жазмыш),-мал, -мел (ашымал, түнемел, орамал), -ман, -мен, -бан(аларман, берермен,шабарман), -ыр, -ір, -ар, -ер (үңгір, көмір, шұқыр, шоғыр, қайнар, жанар), -ыт,-іт (бөгет, сарқыт, іркіт),-уыл,-уіл (бөгеуіл, шабуыл, торуыл),-қын,-кін (жойқын, ұшқын, тасқын),-асы,-есі (бересі, тиесі , көресі),-ын,-ін (боран, жауын, сауын, шығын, егін), -шақ,-шек( келіншек,түйіншек, бөлшек),-ашақ, -ешек(көрешек, алашақ,болашақ).
Зат есімдер бастауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш болып қызмет атқарады.

Бақылау сұрақтары:


1.Зат есімнің зерттелуі, сөз табы ретіндегі ерекшелігі.
2.Зат есімнің мағыналық топтары, ерекшелігі.
3.Көмекші есімдердің сөз таптары жүйесіндегі орны,зерттелуі.
4. Көмекші есімдердің морфологиялық сипаты.

Пайдаланатын әдебиеттер:


1. Қазақ грамматикасы . – Астана . 2002.
2.А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі. – Алматы : Ана тілі. 1991 .
3.С.Исаев.Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. -Алматы:Рауан, 1998.
4.Қазақ тілі грамматикасы. – Алматы : Білім. 1967. 1 том.
5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы . – Алматы. 2007.
6. Момынова Б., Саткенова Ж. Қазақ тілінің морфологиясы. Есімдер. – Алматы: Арыс, 2007.
7. Сыздыкова Г. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. –Алматы, 2012
8. Аханов К.Грамматика теориясының негіздері.- Алматы, 1996.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет