Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет26/61
Дата29.10.2023
өлшемі290,73 Kb.
#121004
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61
Байланысты:
kazirgi kazak tilinin morfologiyas nan daris tezisteri (1)

Өздік есімдіктері
Өздік есімдіктері – сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер.
Түркістанға ертең жүретінімді естігенімде, барамын деп келіскеніме өзім өкіндім. Я құдайым аққа жақ,өзіңе аян, мен нақақ. Өзі қайда бара жатқанын білмеген адамның естігенінен ұстаушылар қайдан жол табады.
Бұл сөйлемдерде : өзім есімдігі - сөйлеушіні, өзіңе есімдігі – тыңдаушыны, өзі есімдігі – бөгде кісіні сөйлемдегі өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып, көрсетіп тұр.
Өздік есімдіктеріне тәуелдік жалғаусыз қолданылмайтын өз түбірінен тараған өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері деген сөздер жатады.
Өздік есімдігінің бұл тәуелдік жалғаулары кейде түсіп қалып, кейде толық сақталған күйде қолданылады. Мәселен, ілік септігіндегі өздік есімдіктері зат есімдердің алдында қолданылғанда көбіне ілік жалғаулары мен тәуелдік жалғаусыз айтылады.
Өз ойымды айтып қоя берем. Өз басыңа түскен іске қара. Жамал өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды.
Осы сөйлемдерде өзімнің, өзіңнің, өзінің деген толық түріндегі сөздерден қысқарған тұлғалар. Кейде бұл формалардың толық түрі сақталып қолданады.
Өзінің шешесі Шолпаннан басқа ешкім көрінбейді. Өзіңнің костюмің бар ма?.
Өздік есімдіктерінің ілік септік формаларының толық сақталып қолданылуы кейде олардың екінші сыңарларының тәуелдік жалғаулары түсіріліп айтылуының әсерінен де болып отырады.
Өзіміздің өкімет орнады. Өзіміздің үй екен. Пристап өзіміздің кісі екен.
Осы сөйлемдердегі өздік есімдіктерінің толық формада айтылуы «өкіметіміз», «үйіміз», «кісіміз» сөздерінің қысқарған түрде қолданылуының әсерінен болып тұрған заңдылық.
Форманың толық сақталуы кейде сөйлеушінің меншіктілікке баса көңіл аудару мақсатында қолданылған өздік есімдіктерінде кездеседі.
Өзгенің қуанышына қуана білу өзіңнің қуанышыңды ұмыту емес қой. Көкетай, бір ашуыңды берші. Өзіңнің інің ғой.
Өздік есімдіктері әрқилы морфологиялық сөз түрлендіруші формаларды қабылдайды. Ол формалар әрқашан өздік есімдігіне қосылып айтылатын тәуелдік жалғауларының үстіне үстемеленіп отырады.
Өздік есімдігіне тәуелдік жалғауларының –нікі, -дікі, -тікі формасы жалғанып қолданылады. Пышақ өзімдікі. Өзімдікін айтсайшы.
Өздік есімдіктеріне жіктік жалғаулары жалғанады. Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі. Мысалы : өзіммін, өзімсің, өзімізсіз, өзім.
Кейде жіктеу есімдіктері өздік есімдіктерімен тіркесіп қатар жұмсалады. Ондай кезде, өздік есімдік тәуелдіктің қай жағында тұрса, тіркесетін жіктеу есімдігі де сол жақта қолданылады.
Мен өзім елге бармағаныма төрт-бес жыл болды. Сен өзің ақымақ екенсің ғой?. Я біз өзіміз де солай деп ойлаймыз.
Өздік есімдіктеріне септік жалғаулары тәуелденген зат есімдердің септелу ізімен жалғанады. Мысалы: өзімнің, өзіме.
Өздік есімдіктері сөйлемде пысықтауыштан басқа мүшелердің бәрінің қызметін атқара алады.
Жалпылау есімдіктері
Жалпылау есімдіктері деп белгілі бір заттар мен құбылыстардың жиынтығына немесе толық қамтылуына нұсқай айтылатын жинақты –жалпылау мағынадағы сөздерді айтамыз. Олар кем дегенде екі заттың немесе толып жатқан біркелкі не әрқилы заттар мен құбылыстардың жиынтығын жалпылай көрсете алатын сөздер болып келеді.
Қазақ пайдаланып отырған шөп шабатын, киім тігетін машиналар, соқа –сайман, арба – шана, киім – кешек, ыдыс – аяқ бәрі де завод, фабрикаларда істеліп шыққан. Уақыт ханның да, қайыршының да, баршаның әміршісі ғой.
Жалпылау есімдіктерінің ішінен «бәрі» сөзі атау формада субстанциялық ұғымды білдіреді де, басқалары өзінің негізгі формасында қолданылғанда атрибуттық ұғымды білдіреді.
Қазақтың бар мұңы сиязда тұрған жоқ. Бұл кеше жалғыз қазақтарға ғана емес, барша келген адамдарға, бір түрлі көңілді көрінген.
Тәуелдік жалғауларының үстемеленуі арқылы жасалынған кейбір жалпылау есімдіктері субстантивтік мәнде қолданылады.
Бір пулемет,қанша ат-арба, қанша киім,қанша ақша – баршаларын олжа қылған.
Ал, бүкіл, бүтін, күллі,тамам жалпылау есімдіктері тек атрибутивтік қалыпта қолданылады.
Бүкіл жұрттың істеп жүрген істерінің бәрі дұрыс бола бермейді. Тамам қазақ малын есеп қылса, бір шаңыраққа 20 ат есебі мал қазынасы келеді.
Жалпылау есімдіктері сөйлемде қолданылу ретіне қарай сөз түрлендіруші грамматикалық формаларды қабылдайды. Бірақ ол заңдылықтар жалпылау есімдіктерінің барлығына тән қасиет емес. Мәселен : жалпылау есімдіктерінің бар, барлық, барша, бәрі түрлеріне ортақ тәуелдеу түрінде болмаса, жекеше түрінде жалғанбайды.
Мынау қымбатшылық баршамызға мағлұм. Бәрің де ойнауға келдіңдер ғой! Қыздың әке-шешесі, туысқандары, бәрі шұбырып келді.
Ал атрибутивтік мәндегі бүкіл, күллі, тамам есімдіктері тәуелденбейді. Жіктік жалғаулары жалпылау есімдіктеріне мүлде жалғанбайды. Жалпылау есімдіктерінің ішінде тек субстантивтенген түрлері ғана тәуелденіп барып септеледі. Ол септелудің жүйесі тәуелдеулі зат есім сөздер жүйесімен бірдей боп келеді.
Жалпылау есімдіктерінің сөйлемде негізінен анықтауыш қызметінде жұмсалады. Ал субстантивтік мәнде қолданғанда бастауыш, толықтауыш қызметтерін атқарады. Бірақ жалпылау есімдіктері ешқашан пысықтауыш қызметін атқармайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет