Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет50/80
Дата06.04.2022
өлшемі290,73 Kb.
#30007
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80
Байланысты:
kazirgi kazak tilinin morfologiyas nan daris tezisteri 2

Келер шақ

Келер шақ қимыл, іс-әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді.

Келер шақтың түрлері:

1) болжалды келер шақ

2) мақсатты келер шақ

3) ауыспалы келер шақ

1) Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді.Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің –ар,-ер,- р , болымсыз түріне етістіктен кейін –с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауының үстелуі арқылы жасалады(Т.Қордабаев сенімсіз келер шақ деп атаған) . Бірақ оның ойлағанының бәрі бола бермес(Әуезов).

2) Мақсатты келер шақ. Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне –мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек жұрнақтарының жалғанып, одан кейін жіктелуі арқылы жасалады(Т.Қордабаев сенімді келер шақ деп атаған). Ол ертең өз еліне қайтпақ.

Кейде –мақ,-мек жұрнақтарының үстіне –шы, -ші жұрнағы жалғанып,, жіктелуі арқылы да мақсатты келер шақ жасалады.Кейінгі жұмыс өзінен-өзі шешіле бермекші.

Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі –мақ тұлғалы етістікке және –шы тұлғалы етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады.Мынау көріністен Абай безбек емес(Абай).

3) Ауыспалы келер шақ. Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты –а,-е,-й жұрнақты көсемшенің жіктеліп келуі арқылы жасалады.Тілегімді орындамасаң, ақ шашымды жаямын.

Ауыспалы келер шақтың ауыспалы осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнді басқа сөздермен де байқатып отырады. Бүгінге місе тұтпай, ертеңге көз жібереміз(Мәуленов). Қазір біз жақын жолмен жүріп келеміз(Момышұлы).

Жақ категориясы

Қазақ тіліндегі сөздер төрт топқа бөлініп, төрт түрлі үлгі бойынша жіктеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет