Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет55/80
Дата06.04.2022
өлшемі290,73 Kb.
#30007
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80
Есімшенің түрлері.

Есімше жасайтын қосымшалар қолданылу аясымен де, жалғанған етістікке үстейтін грамматикалық мағынасымен де ерекшеленіп, есімшенің түрлерін жасайды.

Қазіргі қазақ тілі есімше түрлері жұрнақтарының мағыналарына сәйкес шақ категориясымен бөлінеді.

Қазақ тіліндегі есімшелерді мағынасына және тұлғасына қарай Ы.Маманов:



  1. Өткен шақ есімше

  2. Дағдылы есімше

  3. Болжалды есімше

  4. Ниет есімше

  5. Осы шақ есімше

деп бес топқа жіктеген. Ал А.Ысқақов:

  1. Өткен шақ есімше

  2. Осы шақ есімше

  3. Келер шақ есімше

деп үш топқа топтастырған.

2002 жылғы «Қазақ грамматикасында» есімше

1) Бұрынғы өткен шақ есімше

2) Дағдылы өткен шақ есімше

3) Болжалды келер шақ есімше

4) мақсат мәнді келер шақ есімше

5) Осы шақ есімше - деп жіктелген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет