Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет78/80
Дата06.04.2022
өлшемі290,73 Kb.
#30007
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
kazirgi kazak tilinin morfologiyas nan daris tezisteri 2

Демеуліктер

Демеуліктер - өз шылауында тұрған сөздерге әртүрлі грамматикалық мағына, реңк үстейтін сөздер. Олар модальдық – экспрессивті сипаты зор, семантикалық мүмкіндігі мол сөздер. Апа сіздің де бір жас иісті сүйетін кезіңіз болды – ау (Мұқанов.). Дүниеде жаман да көп те, қызық та, ермек те көпте, бастапқыда кім шыдайды, соңғыға кім азбайды (Абай). Демеуліктердің білдіретін мағыналары сан алуан. Олар өзі қатысты сөздерге я сөйлемге сұраулық, шектік, нақтылық, күшейту, тежеу, болжалдық, күмән сияқты грамматикалық мағыналар үстейді. Демеуліктер негізгі сөзге үстейтін мағыналарына қарай бірнеше топқа бөлінеді:

1.Сұраулық демеуліктер:ма, ме, ба, бе, па, пе, ше 2.Күшейтпелі демеуліктер: -ақ, -ай, -ау, -әсіресе, -да -де, -та, -те 3.Шектеу (тежеу) демеуліктері: ғана (қана), тек, -ақ 4.Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс, -ау

5. Болымсыздық, қарсы мәнді, салыстыру мағынасындағы демеуліктер: түгіл, тұрсын, тұрмақ, құрылым

6.Нақтылау мәнді демеуліктер: қой\ғой, -ды\-ді, ты-\ті

7. Қомсыну мәнді демеуліктер: екен.

Сұраулық демеуліктер

Сұраулық демеуліктер көбіне баяндауыш құрамында келіп, сұраулық мағына береді. А) ма-ме, ба-бе, -па-пе; демеуліктері есім сөздерге, үстеуге, етістіктерге тіркесіп қолданылып, баяндауыш қызметіндегі сөз құрамында болады. Ардақты атың шыққан қан майданда, Атамас атағыңды таңдай бар ма? (Жамбыл). -ған ба еді, -ған бе екен, а ма екен, - ып па еді тұлғалы етістіктермен бірге жұмсалғанда, сұраулық демеулігі негізгі сөз бен көмекші сөз ортасында қолданылады. Бір сорды бір сорға қосқанда ырыс туа ма екен? (Мүсірепов). Сұраулық демеуліктер ма-ме, ба-бе, -па-пе баяндауыш қызметінде жұмсалған ІІ жақ жіктік жалғауымен қатар келгенде, түбір мен жалғаудың арасына кірігіп кетіп, мы\мі, бы\бі, пы\пі болып өзгеріп кетеді. Әуелі өзің қаруын қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? (Абай).

Баяндауыш қызметінде жұмсалған болжалды келер шақ есімшеге тіркесіп лепті сөйлем құрамында кездеседі. Бүгінгі күні қазақ халқы қандай тұрмыста тұратынын, қалай еңбек ететінін көрер ме еді солар? (Мүсірепов).

Де көмекші етістігі арқылы жасалған күрделі етістік құрамында келіп, -ма,- ме сұраулық демеуліктері болжалдық мағына үстейді: келе ме деймін?

Болар ма екен деп (дәмеленіп еді) Ше сұраулық демеулігі есім сөздермен, үстеумен, етістікпен тіркесіп келіп сұраулық мән береді. – Бозбалалар неге өлең айтпайды? – Қыздар ше? (Майлин). – Билер ше? Бидің бәрі жемтік емес пе? (Әуезов).

Күшейткіш демеуліктер

Күшейткіш демеуліктердің қатарына – ақ, -ау, -ай, әсіресе, да/де, та/те шылаулары жатады. Күшейткіш демеуліктері сөйлемге, айтылған ойға күшейту мәнін қосу үшін қолданылады. Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы (Абай).Жарасбай әсіресе, мол шығынмен, әупіріммен орнында қалды (Әуезов).

-ақ демеулігі – тілде жиі қолданылатын шылаулардың бірі. Бұл шылау өзіне қатысты, яғни есім сөздерге, үстеу сөздерге тіркесіп, олардың мағынасын күшейту немесе ой екпінін түсіру үшін жұмсалады. Күшті –ақ екен, жарықтық! (Жароков). Сүйемін туған тілді, анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім (Торайғыров).

-ай демеулігі адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіру үшін қолданылады, көбіне аяу, таңырқау мәнінде қолданылады. –ай демеулігі зат есім мен сын есімдерге тіркесіп, оқшау сөз ретінде қызмет атқарады. Сары алтын, сопы меруерт, қарағым-ай (Ақан Сері).Таласпа, жаным-ай, қолыңнан келмеске (Абай). Жамандар өтірікші өсегі көп, Ел-жұрттың іріткі салар арасында-ай! (Сүйінбай).

-ау демеулігі есім сөздермен, етістік, одағай сөздермен тіркесіп, қуану, ренжу, күйіну мағыналарын үстейді. Қалай апарамыз, қарағым-ау, біздің қолымыздан не келеді (Мүсірепов). Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат қызық мол жылдар?! (Абай).

Әсіресе демеулігі сөйлемге күшейткіш мағына үстейді. Әсіресе қолқабыс ететін адамдарыңызға риза болдым (Мүсірепов). Әсіресе өзінің атын ататтырғысы келмейтін сияқты (Сонда).

да/де, та/те демеуліктері өзі тіркескен сөздерге күшейту мәнін қосу үшін қолданылады. Бағың өскенше, тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің... (Абай). Арманын да, азабын да, қуаныш, қайғысын да әнге сыйдыра білген, айналайын елім-ай (Мақатаев). Жылататын да, жұбататын да – сөз (Момышұлы).

Бақылау сұрақтары:

1.Шылаулардың сөз табы ретіндегі ерекшелігі, зерттелуі.

2.Жалғаулық шылаулар, түрлері, қызметі.

3.Септеулік шылаулар.

4. Демеулік шылаулар, оның түрлері.
Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. -Алматы, 1991.

2. ӘміровР. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. – Алматы. 1959.

3. Молғаждаров Қ. Көне түркі тіліндегі шылау сөздердің лексика – грамматикалық сипаты. КДА.2000.

4. Қазақ грамматикасы. –Астана.2002.

5. Молғаждаров Қ. Көмекші сөздер тарихы.-Көкшетау.2010.

6. Сыздыкова Г. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. –Алматы, 2012



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет