Морфология


Жұлын  жүйкелерінің  тұзілуі  жəне  тарамдалуы



Pdf көрінісі
бет1058/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1054   1055   1056   1057   1058   1059   1060   1061   ...   1132
Жұлын  жүйкелерінің  тұзілуі  жəне  тарамдалуы.  Жұлын  жүйкелері 

жұлынның  дорсальды  (сезімтал  жүйке  талшықтарынан  құралған)  жəне 

вентральды  (қозғалтқыш  жүйке  талшықтарынан  құралған)  түбіршіктерінің 

қосылуынан  пайда  болып,  омыртқа  өзегінен  оң  жəне  сол  омыртқааралық 

тесіктер  арқылы  шығады.  Сондықтан,  жұлын  жүйкелерін  қызметі  жағынан 

аралас  жүйкелерге  жатқызады.  Жұлын  жүйкелерін  шеттен  орталыққа 

бағытталған  сезімтал  жүйке  талшықтары  (жұлын  ганглийлеріндегі  сезімтал 

нейроциттердің  аксондарынан  түзілген),  орталықтан  шетке  бағытталған 

қозғалтқыш  жүйке  талшықтары  (жұлыннның  сұр  заты  вентральды 

мүйізіндегі  қозғалтқыш  нейроцитгердің  аксондарынан  түзілген)  жəне 

симпатикалық  миелинді  жүйке  талшықтары  (көкірекбел  жұлын  сегменттері 

сұр  затының  латеральды  мүйіздеріндегі  симпатикалық  орталықтары 

нейроцитгерінің  аксондарынан)  құрайды.  Олар  омыртқа  өзегінен  шыққан 

бойда  байланыстырғыш  (симпатикалык)  жəне  жұлын  қабықтарына  арналған 

қайтарма 

(сомалық) 

тармақтарды 

бөліп, 

сұр 


байланыстырғыш 

(симпатикалык)  тармақтарды  қосып  алып,  содан  соң,  дорсальды  жəне 

вентральды  (сомалық,  симпатикалық  жүйке  талшықтарынан  құралған) 

тармақтарға  ажырайды.  Дорсальды  тармақтар  омыртқа  бағанынан  жоғары 

орналасқан  дене  бөліктерін  (сүйектер, бұлшықеттер, буыңдар,  тері, олардын 

тамырлары),  вентральды  тармақтар  омыртқа  бағанынан  темен  жатқан  дене 

бөліктерін  жүйкелеңдіреді.  Аталған  тармақтар  өз  кезегіңде  латеральды 

(беткей  орналасқан  мүшелерге)  жəне  медиальды  (терең  жатқан  мүшелерге) 

тармақтарға тарамдалады. 

Жұлын  жүйкелері  омыртка  бағаны  бөлімдеріне  сəйкес:  мойын,  көкірек, 

бел,  құйымшақ  жəне  құйрық  жүйкелері  болып  бөлінеді.  Олардын  саны 

мойында  8  жұп,  құйрықта  5-6  жұп,  қалған  бөлімдерде  жануарлардың 

омырткалар  санына  сəйкес  келеді.  Алдыңғы  жəне  артқы  аяқтарды 

жүйкелендіретін  жүйкелер  жұлын  жүйкелерінін  вентральды  тармақтары 

түзетін: иық, бел жəне құйымшақ жүйке тораптарынан шығады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1054   1055   1056   1057   1058   1059   1060   1061   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет