Морфология



Pdf көрінісі
бет1101/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1097   1098   1099   1100   1101   1102   1103   1104   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

кіреберістік  жəне  дабыллық  баспалдақтарға  бөледі.  Кіреберістік 

баспалдақ  сопақ  тереземен  жанасатын  сүйектік  шытырман  қуысынан 

басталып,  ұлу  оралымдарының  бойымен  ұлудың  тұйық  төбесіне  қарай 

бағьпталады  да,  ұлу  төбесіндегі  жарғақтық  ұлудың  вестибулалы  жəне 

негіздік  жарғақтарының  тоғысқан  тұсы  мен  сүйектік  ұлу  аралығандағы  тар 

тесік  (геликотрема)  арқылы  дабылдық  баспалдақпен  жалғасады.  Дабылдық 

баспалдақ дөңгелек терезеге барып аяқталады. 

Сүйектік  ұлудың  білігі  бойындағы  жоғарғы  кіреберістік  жəне  төменгі 

дабылдық  ернеулер  аралығындағы  иірілімді  сайда,  eстy  рецепторлары 

нейроциттер  денелері  топтаса  орналасып,  иірілімді  (спиральды)  ганглийді 

құрайды.  Сүйектік  ұлудың  ішіндегі  үшбұрышты  жарғақтық  ұлудың  екі 

қабырғасын  кіреберістік  (вестибулалық)  жəне  негіздік  (базальдық) 



жарғақтар,  ал  оның  үшінші  қабырғасын  тамырлы  жолақ  құрайды. 

Кіреберістік  (Рейснер)  жарғақтың  сыртында  перилимфага  толған  сүйектік 

ұлудың кіреберістік, ал негіздік жарғақтың сыртында дабылдық баспалдақтар 

болады.  Негіздік  жарғақтың  перилимфа  жағындағы  сыртқы  дабылдық 

баспалдақ беті эндотелиймен қапталған. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1097   1098   1099   1100   1101   1102   1103   1104   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет