Морфология


 — сурет. Көлденең жолақты жүрек ет ұлпасы кардиомиоциттері



Pdf көрінісі
бет239/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

70 — сурет. Көлденең жолақты жүрек ет ұлпасы кардиомиоциттері 

шекарасыңдағы ендірме дискі аймагы С — сарколемма, М — митохондрия, МФ — 

миофиаменттер 

1 — көрші екі кардиомиоциттер ұштарындағы сарколеммалардың саусақша 

өсінділері арқылы тығыз байланыс аймағы (ендірме цжкі), 2 - миофиламенттердің 

плазмолеммадағы аяқталуы, Z - сызығы. 

 



Арнайы  жиырылғыш  ұлпаларға  сүт,  сілекей,  тер  бездерінің 



миоэпителиоциттері,  көздің  нұрлы  қабығының  миопигментоциттері,  көз 

қарашығының  тарылтқыш  миоциттері  жатады.  Миоэпителиоциттер  — 

пішіні  себет  тəрізді  көп  өсінділі  жасушалар.  Олар  жоғарыда  аталган 

бездердің  бөлінді  бөлетін  соңғы  бөлімдерін  сыртынан  себет  тəрізді  қаптап 

жатады. 

Бездердің 

соңғы 

бөлімдері 



секретке 

толған 


кезде, 

миоэпителиоциттер  рефлекторлы  тұрде  жиырылып,  олардың  куысындағы 




141 

 

бөліндінің  бездердің  шығару  өзектеріне  бөлініп  шығарылуын  қамтамасыз 



етеді.  Бұл  процесті  миоэпителиоииттер  цитоплазмаларындағы  жиырылғыш 

белоктардан  құралған  миофиламенттер  іс  жүзіне  асырады.  Қалған  арнайы 

жиырылғыш  ұлпалардың  құрылысы  бірыңғай  салалы  жолақсыз  ет  ұлпасына 

ұқсас. Олар еріксіз жиырылатын миоциттерден тұрады. 

Бірыңғай салалы ет ұлпасы мезенхимадан, көлденең жолақты бұлшық ет 

ұлпасы  мезодерманың  миотомынан,  көлденең  жолақты  жүрек  ет  ұлпасы 

мезодерманың  спланхнотомынан,  миоэпителиоциттер  мен  көздің  нұрлы 

қабығының миопигментоциттері жəне көз қарашығын тарылтқыш миоциттер 

эктодермадан дамиды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет