Организм мен қоршаған орта біртұтастығы туралы заң. Тірі
организм белгілі бір ортаға бейімделген жағдайда ғана тіршілік ете алады.
Демек, тірі организм мен оны қоршаған орта біртұтас. Организм мен
қоршаған ортаның байланысын жүйке жүйесі іс жүзіне асырады.
Пішін мен қызмет біртұтастығы туралы заң. Организмдегі əрбір
мүшенің пішіні мен құрылысы, оның денедегі орналасу орны мен атқаратын
қызметіне тікелей байланысты.
Тұқым қуалаушылық жəне өзгергіштік заңы. Тұқым қуалаушылық
пен өзгергіштік барлық тірі организмдерге тəн жəне бір-біріне қарама-қарсы
қасиеттер. Тұқым қуалаушылық организмге тəн құрылыстық жəне
қызметтік белгілердің жасушалар хромосомаларындағы тендер арқылы
ұрпақтан ұрпаққа тұрақты берілуін қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаның
154
əсерлеріне байланысты жануарлар организмдерінде жаңа белгілердің пайда
болуы өзгергіштік — деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |