Морфология



Pdf көрінісі
бет371/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   1132
АРТҚЫ АЯҚТЫҢ ҚАҢКАСЫ 

 

Жануарлардың  артқы  аяғының  (membra  pelvini)  қаңқасы  екі 

бөлімнен: жамбас белдеуі қаңқасынан (cingulum membri pelvini) жəне еркін 



қозғалатын  бөлімнің  қаңқа  сүйектерінен  (skeleton  membri  pelvini  libera) 

тұрады.  Жамбас  белдеуінің  қаңқасын  жамбас  сүйек,  ал  еркін  қозғалатьш 

бөлімнің жоғарғы проксимальды бөлігін (стилоподийді) ортан жілік, ортаңғы 

бөлігін  (зейгоподийді)  сирақ  сүйектері  (асықтыжілік,  шыбық  сүйек),  ал 

дистальды бөлігін (автоподийді) тілерсек (базиподий), жіліншік (метаподий) 

жəне бақай сүйектері (акроподий) құрайды. 

Жамбас  белдеуінің  қаңқасын  бір-бірімен  шеміршек  жігі  (симфиз)  — 

symphysis  —  арқылы  байланысқан  жамбас  сүйектері  кұрайды.  Жамбас 

сүйектері  жоғарғы  жағынан  құйымшақ  сүйекпен  байланысып,  жамбас 

қуысын  (cavum  pelvis)  түзеді.  Жамбас  сүйектерінің  бірлескен  қуысының 

түбін жамбас астауы — деп атайды. 



Жамбас  сүйек  (тазовая  кость)  —  os  coxae  —  тұтаса  байланысқан 

мықын,  шат  жəне  шонданай  сүйектерінен  құралған.  Аталған  үш  сүйектің 

түйіскен  жерінде,  ортан  жілік  басымен  байланысатын  ұршық  шұңқыры 

(acetabulum) мен шат жəне шонданай сүйектердің аралығында жапқыш тесік 

(foramen obturatum) болады. 

Мықын  сүйек  (подвздошная  кость)  —  os  ilium  —  пішіні  үшбұрышты 

келген  жалпақ  сүйек.  Ол  ұршық  шұңқырды  жасауға  қатысатын,  ұзынша 

жұмыр келген мықын сүйек денесінен (corpus ossis ilii) жəне жалпақ келген 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет