Морфология


түтікше  жəне  көпірішікше-түтікше



Pdf көрінісі
бет544/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   1132
түтікше  жəне  көпірішікше-түтікше  бездер  болып  бөлінеді.  Көпіршікше 

бездердің  соңғы  бөлімінің  пішіні  көпіршік  немесе  кеңейген  қапшық  тəрізді 

болып келеді. Көпіршікше бездерге терінің май бездері, шықшыт (құлақ түбі) 



259 

 

сілекей  безі  жатады.  Түтікше  бездердің  соңғы  бөлімдерінің  пішіні  түгік 



тəрізді  болып  келеді  Түтікше  бездерге  қарын,  жалпы  ішек,  жатыр  бездері 

жатады. Ал көпіршікше-түтікше бездерге соңғы бөлімдерінің пішіні көпіршік 

жəне  түтік  тəрізді  болып  келетін  бездер  жатады.  Бұларға:  төменгі  жақ  жəне 

тіласты сілекей бездері жатады. 

Бездерден  секрет  үш  түрлі:  мерокринді,  апокринді  жəне  голокринді 

жолмен  бөлінеді.  Мерокринді  /эккринді/  секрет  бөлу  кезінде,  безді 

жасушалар  гландулоциттер  цитоплазмасында  түзілген  сөл,  олардың 

плазмолеммалары  арқылы  диффузды  жолмен  сүзшіп  өтеді.  Бөліндіні  бөлу 

кезінде  гландулоциттердің  бүтіндігі  бұзылмайды.  Сілекей  бездері  сілекейді 

мерокринді  жолмен  бөледі.  Апокринді  секрет  бөлу  кезінде,  сөл 

гландулоциттердің  жоғарғы  бос  (апикальды)  ұшына  жиналады  да, 

жасушаның  апикальды  ұшы  үзіліп,  секрет  тамшысына  айналады.  Секрет 

бөлу  кезінде  гландулоциттердің  бүтіндігі  жартылай  бұзылады.  Апокринді 

жолмен  тер,  сүт  бездерінің  секреттері  бөлінеді.  Голокринді  секрет  бөлу 

кезінде,  гландулоциттердің  цитоплазмасы  сөлге  толып,  безді  жасушалар 

толық бұзылып жарылады да, секретке айналады. Голокринді жолмен терінің 

май бездері секреттерін бөледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет