Морфология



Pdf көрінісі
бет6/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Жалпы  цитология  бөлімі  жасуша  құрылымдарының  құрылысы  мен 

қызмеұлпаің жалпы принциптерін зерттейді. 



Жеке  цитологияда  жануарлар  организмі  түрлі  ұлпалары  мен 

мүшелеріндегі 

арнайы 

маманданған 

жасушалар 

құрылысындағы 

ерекшеліктер зерттеледі. 

Жасушалар  (клеткалар)  ұлпалардың  дамуы  мен  құрылысының  негізін 

құрайтындықтан,  цитологияны  гистология  ілімінен  бөліп  қарастыруға 

болмайды.  Цитология  саласындағы  соңғы  ғылыми  жетістіктер  биология, 

медицина  жəне  ветеринария  ғылымдарының  дамуына  өзінің  тиісті  үлесін 

қосуда. Қазіргі таңда, жасуша ядросы мен оның хромосомалық аппаратының 



 

құрылысы  туралы  жаңа  мəліметтерге  сүйенген  цитологиялық  жасуша 



анықтау (цитодиагностика) əдісі, адам мен əр түрлі жануарларда кездесеұлпа 

тұқым  қуалаушылық,  ісік,  қан ауруларын жəне  т.б. ауруларды  анықтау  əдісі 

реұлпаде  медицина  мен  ветеринария  салаларында  үлкен  қолданыс  тапты. 

Бұған қоса, бұл əдістің көмегімен организмнің əр түрлі мүшелерінен алынған 

ұлпалық, жасушалық биосынамаларды (биопсия), зəрді, сілекейді, ми-жұлын 

сұйықтығын,  зерттеу  шынысына  жағылған  қан  жəне  сүйектің  қызыл  кемігі 

майы  жұғындысын  жөне  т.б.  бионысандарды  микроскоппен  зерттеу  арқылы 

көптеген  ауруларды  дəл  анықтауға  мүмкіндік  туды.  Цитология  саласындағы 

соңғы ғылыми зерттеу əдістерінің (электронды микроскопия, цитохимия т.б.) 

көмегімен  алынған  жаңа  ғылыми  мəліметтер  молекулалық  биология, 

генетикалық  инженерия,  биотехнология  жəне  тағы  сол  сияқты  биология 

ғылымдары жаңа салаларының өркендеуіне негіз болары хақ. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет