Морфология



Pdf көрінісі
бет652/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   648   649   650   651   652   653   654   655   ...   1132
 

 

ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ 

 

Тыныс  алу  аппараты  (дыхательный  аппарат)  —  apparatus 

respiratorius  —  жануарлар  организміндегі  сыртқы  тыныс  алу  процесін  іс 

жүзіне  асырады.  Тыныс  алу  мүшелерінің  негізгі  қызметі  қанды  оттегімен 

қанықтыру  жəне  қаннан  көмірқышқыл  газын  сыртқа  шығару,  яғни  бұл 

аппарат  ауадағы  оттегінің  қанға  өтуін,  керісінше,  қандағы  көмірқышқыл 

газдың  ауаға  шығарылуын  қамтамасыз  етеді.  Бұнымен  қатар,  тыныс  алу 

мүшелері  дененің  қызуын  реттеуге  қатысады  жəне  эндокриңдік  қызмет  те 

атқарады.  Тыныс  алу  мүшелерінде  иіс  сезімі  жəне  дыбыс  мүшелері 

орналасады.  Қызметіне  байланысты  тыныс  алу  аппараты:  тыныс  жолдары 

жəне  газ алмасу  мүшесі  болып  екі  бөлімге бөлінеді.  Тыныс  жолдарында ауа 

құрамындағы шаңтозаңнан тазаланып, жылынып, су буымен дымқылданады. 

Аталмыш  бөлімнің  мұшелері  ауаның  құрамындағы  заттардың  иістерін 

анықтауға жəне дыбыс шығаруға қатысады. Тыныс жолдарына мұрын куысы, 

аңқа (жұтқыншақтың ауа жұретін бөлігі), көмекей, кеңірдек, əр түрлі арналы 

бронхтар  (ауатамырлар),  бронхиолалар  (ауатамыршалар)  жəне  соңғы 

(терминальды)  бронхиолалар  жатады.  Газ  алмасу  бөлімін  көпіршікті 

(альвеолалы)  бронхиолалар,  көпіршікті  жолдар,  көпіршікті  қапшықтар  жəне 

олардың қабырғаларындағы көпіршіктер (альвеолалар) құрайды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   648   649   650   651   652   653   654   655   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет