Морфология


Мұрын  куысының  гистологиялық  құрылысы.  Мұрын  қуысы



Pdf көрінісі
бет666/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   662   663   664   665   666   667   668   669   ...   1132
 

Мұрын  куысының  гистологиялық  құрылысы.  Мұрын  қуысы  іші 

қуыс  түтікше  мүше.  Мұрын  қуысының  қабырғасы  үш  қабықтан  құралған. 

Оның  сыртқы  қабығы  жануарлардың  бас  аумағындағы  тері-етті  қабық. 

Мұрын қуысының ортаңғы қабығының негізін бассүйектер мен шеміршектер 

құрайды. Ал мұрын қуысының ішкі бетін оның кілегейлі қабығы астарлайды. 

Мұрын  қуысы  кіреберісінің кілегейді  қабығы  құрылыс  жағынан  тері  типтес, 

яғни ол екі қабаттан тұрады. Бұл бөліктің кілегейлі қабығында шаң тозаңды 



312 

 

ұстайтын  тері  түктері  мен  бездер  болады.  Мұрын  қуысы  кіреберісін 



көпқабатты  жалпақ  эпителий  астарлайды.  Эпителий  астындағы  өзіндік 

тақташа  борпылдақ  дəнекер  ұлпасынан  тұрады.  Өзіндік  мұрын  қуысының 

кілегейлі  қабығы  құрылысына  байланысты  екіге  бөлінеді.  Мұрын  қуысы 

кілегейлі қабығының алдыңғы аймағын құтыша жасушаларға бай бірқабатты 

көпқатарлы  кірпікшелі  эпителий  астарлайды.  Өзіндік  тақташаны  эластин 

талшықтары  көп  борпылдақ  дəнекер  ұлпасы  құрайды.  Өзіндік  тақташада 

кілегей бөлетін бездер болады. Өзіндік тақташаның төменгі қабаттарындағы 

кең куысты веналар қанға толған кезде кілегейлі қабық ісініп, мұрын қуысы 

сəл тарылып, қанның қызуымен мұрын қуысындағы ауа жылынады. Құтыша 

жасушалар мен өзіндік тақташадағы бездер бөлетін кілегей мұрын куысының 

ішкі  бетін  сылап,  ауа  құрамындағы  шаң-тозаңдарды  жабыстырып  ұстайды. 

Кілегей  құрамындағы  су  буланып,  ауаны  дымқылдайды.  Демек,  ауа  мұрын 

куысы арқылы өткен кезде шаң~тозаң тазаланып, дымқылданып жылынады. 

Шаң-тозандарды  өзіне  жабыстырған  кілегей  қақырыққа  айналып,  қақырыну 

жəне түшкіріну арқылы сыртқа шығарылады. Сөйтіп, мұрын қуысы қорғаныс 

қызметін де атқарады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   662   663   664   665   666   667   668   669   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет