190 — сурет. Сиыр қолқа доғасының тармактары
1
- қолқа доғасы, 2 - иық-бас бағаны, 3 — сол бүғанаасты а. (артерия), 4 - иық-
бас а., 5 — ұйқы артериясының бағаны, 6 — қабырға-мойын бағаны, 7 — беткей
мойын а., 8 — сыртқы көкірек а., 9 - - қолтық а., 10 — ішкі көкірек а., 11 - алдыңғы
кабырғалар аралық а., 12 — дорсальды жауырын а., 13 — терең мойын а., 14 —
омыртқалық а., 15 — сол жалпы ұйқы а,, 16 — ішкі ұйқы а., 17 — сыртқы ұйқы а.,
18 — жоғарғы жақ а., 19 — тіл-бет бағаны, 20 — бет а.
Жылқыда иық-бас артериясынан алдымен дорсальды жауырын
артериясы (a. scapularis dorsalis), одан кейін терең мойын артериясы (a.
cervicalis profunda) жəне омыртқалық артерия (a. vertebralis) жеке дара
ажырағаннан кейін ғана, ұйқы артериясының бағаны бөлінеді. Содан соң,
иық-бас артериясы оңға бұрылып, оң бұғанаасты артериясына айналады.
386
Оң бұғанаасты артериясы сол бұғанаасты артериясына сəйкес
мойынның, көкірек керегесі қабырғасының алдыңғы бөлігінің оң жақтары
мен алдыңғы оң аяқты артерия қанымен қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |