Морфология



Pdf көрінісі
бет192/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   1132
Эритробласттардың  орташа  мөлшері  15-25  мкм.  Олардың  ірі  ядроларында 

ұсақ хроматиндер мен 1-3 ядрошық көрінеді. Эритробласттар бөліну арқылы 

пронормоциттерге  айналады.  Олардың  мөлшері  эритробласттарға  қарағанда 

кішірек  (12-18  мкм)  болады.  Пронормоциттерден  олардың  митоз  арқылы 

белсенді  бөлінуінің  нəтижесінде  цитоплазмасы  базофилді  боялған,  тығыз 

ядролы,  мөлшері  10-12  мкм  базофилді  нормоциттер  дамып  жетіледі. 

Олардың  ядролары  маңында  ақшыл  келген  ядро  маңы  аймағы  жақсы 

байқалады.  Базофилді  нормоциттер  цитоплазмасының  көкшіл  түске 

боялуының  себебі,  аталмыш  жасушалар  цитоплазмасында  РНҚ  мен  бос 

рибосомалар  жəне  полисомалар  көп  мөлшерде  болады.  Олар  негіздік 

бояулармен,  болса  да,  көкшіл  түске  боялады.  Аталған  құрылымдардың 

қатысуымен  болашақ  эритроциттер  құрамында  болатын  гемоглобинді 

синтездеуге  қажет  белок  молекулалары  түзіледі.  Ал  гемоглобинді 



119 

 

синтездеуге керек темірді(Ғе) базофилді нормоциттерге макрофагтар əкеледі. 



Олар  темірді  тіршілігін  тоқтатқан  ескі  эритроциттерді  фагоцитоз  арқылы 

жою  кезінде  өздеріне  қабылдап  сіңіреді.  Осының  аркасында,  базофилді 

нормоциттер цитоплазмасының ядро маңы ақшыл аймағында гемоглобиннің 

саны  көбейіп  қорлана  бастайды.  Базофилді  нормоциттер  митозбен  бөліну 

арқылы  мөлшері  майда  келген  полихроматофилді  нормоциттерге 

айналады.  Цитоплазмасында  гемоглобин  қорының  көбейе  бастауына 

байланысты,  полихроматофилді  (көптүсті)  нормоциттердің  цитоплазмасы 

негіздік  жəне  қышқылдық  бояулармен  көкшіл-қызғылт  түске  боялады. 

Эритролоэз  қатарындағы  жасушалар  даму  сатылары  барысында  5  —  6  рет 

митоз 


арқылы 

бөлініп 


көбейеді. 

Полихроматофилді 

нормоциттер 

гемоглобиннің  жеткілікті  қорын  жинап,  соңғы  рет бөлінгеннен  соң, олардан 

цитоплазмасы  қышқылдық  бояулармен  қызыл  түске  боялатын  оксифилді 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет