5 — кариолемма тесіктері, 6 — бос рибосомалар, 7 - Гольдж кешені, 8 — центриольдер, 9
пероксидаза, цитохромоксидаза, АТФ — аза т.б.) бар екендігі анықталды.
дəншелер (0,3-1,0 мкм) болады. Дəншелер цитоплазмада тығыз да біркелкі
126
микроайналым арналарының тамырлары (артериолалар, капиллярлар,
венулалар) мен лимфа капиллярлары жəне жіңішке лимфа тамырлары
қабырғалары маңында топтасып жатады. Сондықтан, қан немесе лимфа
арқылы келген антигеңдерге шырлы жасушалар бірінші болып жауап береді.
Қандағы базофилді лейкоциттердегі сияқты, бұлардың плазмолеммаларының
сыртқы бетінде де, Е иммундыглобулиндері болады. Шырлы жасушалар,
əсіресе, ішек-қарындардың, жатырдың, сұт жəне айырша (тимустың)
бездерінің, бадамшалардың борпылдақ дəнекер ұлпалық аралықтарында
көбірек кездеседі. Лаброциттер дəншелерінің құрамында гепарин, гистамин,
дофамин, хондроитин күкіртқышқылының А жəне С лүрлері, гиалурон
қышқылы, ал кейбір жануарларда серотонин да болады. Антигендерге жауап
беру нəтижесінде, антиген-антидене кешені түзіліп, шырлы жасушалар
дəншелерінің бұзылуына ықпалын тигізеді. Осы процестің нəтижесінде
қоршаған ұлпаларға гепарин бөлінеді де, қанның ұюын, жасушааралық
заттың өткізгіштігін төмендеііп, қабыну процесінің өрбімеуіне ықпал етеді.
Ал гистамин шырлы жасушалар дəншелері бүзылмай-ақ бөлінеді. Гистамин
шырлы жасушаларда гистидиндекарбоксилаза ферментінің қатысуымен
гистидин амин қышқылынан түзіледі. Гистамин гепаринге қарсы əсер етеді.
Ол қан тамырлары мен жасушааралық заттың өткізгіштігін күшейтіп,
антигендермен күресуге гранул алы лейкоциттердің, оның ішінде
эозинофилдердің борпылдақ дəнекер ұлпасына өтуіне мүмкіндік тудырумен
қатар, осы ұлпалардағы макрофагтардың белсенділігін арттырады. Ұлпа
базофилдерінің
организмдегі
аллергиялық
жəне
анафилактикалық
реакцияларға қатысатындығы анықгалды.
Ретикулоциттер — пішіні ұзынша келген көп өсінділі, дөңгелек ядролы
жасушалар. Олар бөліну арқылы көбейіп, басқа дəнекер ұлпалары
жасушаларына айналуы ықтимал. Көбіне ретикулоциттер бір-бірімен өзара
өсінділері арқылы жалғасып, жасушалар байланысын (синцитийді) құрайды.
Ретикулоциттер ретикулин (аргирофилді) талшықтарын түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: