Ерекшеліктері. Жартылай сіңірлі бұлшық ет күйіс қайтаратын
жануарларда шонданай төмпегінен, жылқыда қосымша құйымшақ
сүйектен басталып, асықты жілік қырының жəне өкше төмпегінің медиальды
бетінде аяқталады. Итте бұлшық еттің омыртқалық басы алғашқы құйрық
омыртқаларынан басталады.
Қызметі. Жартылай сіңірлі бұлшық ет жамбас-ортан жілік жəне
тілерсек буындарын жазады, тобық буынын бүгеді.
3. Жартылай жарғақгы бұлшық ет (m. semimembranosus) жартылай
сіңірлі бұлшық еттен кейін, сауырдың артқы жағындағы тері мен беткей
шандыр астында орналасады. Ол шонданай сүйектен, жылқыда қосымша
құйымшақ
сүйектен
басталып,
ортан
жілік
жəне
асықты
жілік
айдаршықтарының медиальды бетінде аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |