З.Үшінші шыбық бұлшық еті (m. peronaeus tertius) ортан жіліктің
латеральды айдаршықүсті жазғыш шұңқырынан жəне бақайдың ұзын
жазғыш бұлшық еті сіңірінен басталып, асықты жіліктің жазғыш сайы
арқылы өтеді де, сирақ аумағында бақайдың ұзын жазғаш бұлшық етінен
ажырайды. Тілерсек буынының тұсында сіңірге айналып, жіліншік
сүйектерде аяқталады.
Ерекшеліктері. Жылқыда үшінші шыбық бұлшық еті сіңірлі етке
айналып, статикалық қызмет атқарады. Оның сіңірлі құйрығы үш бөлікке
ажырайды. Латеральды бөлігі өкше сүйек пен IV тілерсек сүйекте, ортаңғы
бөлігі орталық жəне III тілерсек сүйек пен III артқы жіліншік басында,
медиальды бөлігі орталық жəне III тілерсек сүйек пен III жəне II жіліншік
сүйектері бастарында аяқталады. Күйіс қайтаратын жануарлар мен
шошқада үшінші шыбық бұлшық еті етті болып келеді жəне беткей
орналасады. Бұлшық еттің сіңірлі қорығы ІІ+ІІІ тілерсек сүйектерде жəне
III+IV артқы жіліншік бастарында, ал шошқада I жəне II тілерсек сүйектері
мен II артқы жіліншік басында аяқталады. Итте бұл бұлшық ет қысқа
байламға айналып, III артқы жіліншік басында аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |