Морфология


артқы  жіліншік  майтабаны



Pdf көрінісі
бет532/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   528   529   530   531   532   533   534   535   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

артқы  жіліншік  майтабаны  (torus  metatarseus)  жəне  тұяқ  (саусақ) 

майтабаны  болып  бөлінеді.  Итте  аталған  майтабандардың  барлығы  жақсы 

жетілген.  Олар  башпай  майтабандары  —  деп  аталады.  Жылқыда  тұяқ 

майтабаны өте жақсы жетілген, ал қалғандары мүйізді қалдық ретінде қалған. 

Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада тұяқ майтабаны ғана болады. 

 

127 - сурет. Жылқы бақайының сагиттальды кесіндісі I — тұяқ көбесі, II — 

түяқ жұлығы, III — тұяқ қабырғасы, IV — тұяқ ұлтаны 

1 — тері эпидермисі, 2 —тері дермасы, 3 — терінің шел қабаты, 4 — бақайдың 

жалпы жазғыш бұлшық еті сіңірінің ұшы, 5 — тұяқ көбесі мен жұлығының шел қабаты, 6 

— тұяқ көбесі мен жұлығының дермасы, 

7 — тұяқ көбесінің эпидермисі, 8 — тұяқ жұлығының эпидермисі, 9 — мүйіз 

тұяқтың сыртқы, 10 — мүйіз тұяқтың түтікше мүйізі, 11 — мүйіз тұяқтың ақ жапырақша 

мүйізі, 12 — тұяқ қабырғасының дермасы, 13 — ақсызық, 14 — мүйіз тұяқ ұлтанының 

түтікше мүйізі, 15 - тұяқ ұлтанының дермасы, 16 — сүйекқап, 17 — тұяқ майтабаны 

жебесінің мүйізді қабаты, 18 — тұяқ майтабаны жебесінің дермасы, 19 — тұяқ майтабаны 

жастығының мүйізді қабаты, 20 — тұяк майтабаны жастығының дермасы, 21 — тұяқ 

майтабаны жастығының шел қабаты. 

 

Тұяқ  (ungula)  теріден  дамыған  аяқтардың  мүйізделген  мүшесі.  Ол  аяқ 

ұшындағы  тері  эпидермисінен  жетіледі.  Тұяқ  төрт  бөліктен:  тұяқ  көбесінен, 

тұяқ жұлығынан, тұяқ қабырғасынан жəне тұяқ ұлтанынан тұрады. 



Тұяқ  көбесі  (limbus  ungulae)  терінің  мүйіз  тұяққа  бітетін  жеріндегі  ені 

0,5 см аралық. Ол тері сияқты эпидермистен, дермадан жəне шел қабатынан 

тұрады.  Тұяқ  көбесінің  эпидермисінен  мүйіз  тұяқтың  сыртқы  жылтырауық 

қабаты жұқа жылтыр мүйіз глазурь бөлінеді. 



Тұяқ жұлығы (corona ungulae) тұяқ көбесінен төмен орналасқан, ені 1,5 

см  тері  бөлігі.  Ол  мүйіз  тұяқтың  ішкі  бетінің  жоғарғы  жағындағы  ойысқа 

жарты  сақинаша  түрінде  жанасып  жатады.  Тұяқ  жұлығы  да  эпидермистен, 



255 

 

дермадан  жəне  шел  қабатынан  құралған.  Оның  эпидермисінен  мүйіз  тұяқ 



қабырғасының негізін түзетін түтікше мүйіз бөлінеді. 

Тұяқ  қабырғасы  (paries  ungulae)  тек  екі  қабаттан:  эпидермистен  жəне 

дермадан  тұрады.  Шел  қабаты  болмағандықтан,  дерма  тұяқ  сүйектің 

сүйекқабымен  қосылып  бірігіп  кетеді.  Тұяқ  қабырғасы  эпидермисінен  мүйіз 

тұяқтың  ішкі  жұмсақ  ақ  жапырақша  мүйізі  бөлінеді.  Бұл  мүйіз  тұяқтың 

ұлтаны жағынан тұяқтың ақ сызығы түрінде көрінеді. 

Тұяқ  ұлтаны  (solea  ungulae)  да  эпидермистен  жəне  дермадан  тұрады. 

Тұяқ  ұлтанының  дерма  қабаты  тұяқ  сүйектің  сүйекқабымен  бірігіп  кеткен. 

Шел  қабаты  болмайды.  Тұяқ  ұлтанының  эпидермисінен  мүйіз  тұяқтың 

ұлтанының негізін құрайтын түтікше мүйіз бөлінеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   528   529   530   531   532   533   534   535   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет