Морфология



Pdf көрінісі
бет545/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   541   542   543   544   545   546   547   548   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

ДЕНЕ ҚУЫСТАРЫ 

 

Ішкі мүшелер негізінен сірлі қабықпен астарланған көкірек, құрсақ жəне 

сірлі  қабықпен  жартылай  астарланған  жамбас  қуыстарында  орналасады. 

Сірлі  қабық  дене  қуыстарының  ішкі  беттерін  астарлаумен  қатар,  олардың 

куыстарында  жатқан  ішкі  мүшелерді  де,  сыртынан  қаптап,  дене  қабырғасы 

мен  ішкі  мүшелер  аралықтарындағы  сірлі  қуыстарды  түзеді.  Оларға: 

перикардиальды,  плевральды,  перитонеальды  жəне  қынаптық  сірлі 

қуыстар жатады. 

Көкірек  қуысы  (cavum  thoracis)  көкірек  керегесінің  ішкі  куысы. 

Көкірек куысы ішкі жағынан көкірекіштік шандырмен (fascia endo-thoracica) 

жəне  сірлі  қабық  плеврамен  (pleura)  астарланған.  Көкірек  керегесінің  артқы 

қабырғасын  көкет  (диафрагма)  құрайды.  Ол  көкірек  қуысын  құрсақ 

қуысынан  бөліп  тұрады.  Көкірек  қуысында  жүрек,  өкпе,  кеңірдек,  өңеш, 

қолқа,  алдыңғы  жəне  артқы  куыс  веналар,  лимфа  түйіндері,  жүйкелер 

орналасады. 

Көкірек  қуысының  ішкі  бетін  астарлайтын  сірлі  қабықты  қабырғалық 

немесе  париетальды  плевра,  ал  көкірек  қуысында  орналасқан  ішкі 

мүшелерді  сыртынан  қаптап  жатқан  сірлі  қабықты  висцеральды  плевра  — 

деп  атайды.  Париетальды  плевра  көкірек  қуысындағы  орналасу  орнына 

қарай: қабырға жəне диафрагма бөліктеріне (pleura costalis et diaphragmatica) 

бөлінеді.  Оң  жəне  сол  қабырғалық  плевралар  көкірек  омыртқаларының 

төменгі  жағанда  түйісіп,  қос  қабаттанады  да,  көкірек  омыртқаларынан 

төссүйекке  қарай  төмен  бағьпталып,  көкірек  куысының  ортасымен  өтетін 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   541   542   543   544   545   546   547   548   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет