өзіндік тақташасы, 4 — кілегейлі қабықтың етті тақташасы, 5 — кілегейлі қабықтың
кілегейліасты негізі, 6 — өңештің кілегейлі безінің ацинустары, 7 - етті қабықтың ішкі
сақинаша қабаты, 8 — етті қабықтың сыртқы ұзынша қабаты, 9 — адвентиция қабығы:
284
ҚАРЫН
Қарын (желудок) — ventriculus s. gaster — азық қорыту түтігінің
қапшық тəрізді кеңейген болігі. Ол сол бөлу, механикалық (азықты қозғау,
араластыру, сығу) жəне биологиялық (микроорганизмдердің комегімен көп
болімді қарынның алдыңғы болімдерінде) өңдеу, қорыту (сол құрамындағы
ферменттердің қатысуымен күрделі органикалық заттарды белоктарды
қарапайым құрамына ыдырату), қорытылған қоректік заттарды сіңіру,
ыдырау өнімдерін бөлу (экскреция) қызметтерін атқарады.
Қарын болімдерінің санына байланысты: бір болімді жəне көп болімді
қарын болып екі топқа, ал кілегейлі қабығының құрылысына сəйкес: безсіз,
безді жəне безсіз-безді немесе аралас қарын болып үш топқа болінеді.
Достарыңызбен бөлісу: