Морфология



Pdf көрінісі
бет609/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   605   606   607   608   609   610   611   612   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Түтікше  бездің  қарын  куысына  қараған  бетіндегі  қарын  шұңқырларына 

ашылатын  мойны,  өзіндік  тақташа  бойымен  ұзынынан  жатқан  денесі  жəне 

кілегейлі  қабықтың  үшінші  етті  тақташасымен  жанасатын  түбі  болады. 

Кардиальды  бездердің  қабырғасы  негізінен  кілегейлі  жасушалардан 

құралған.  Олардың  араларында  жекеленген  негізгі  жəне  көмкерме 

(париетальды)  жасушалар  кездеседі.  Кардиальды  бездер  сөлі  кұрамында 

крахмалды  ыдырататын  амилоидты  ферменттер  болады.  Безді  қарынның 

негізгі  бездері  —  қарын  түбі  (фундальды)  бездері.  Олардың  секреторлы 

бөлімдері тарамдалмайды. Бездің мойнын бөлініп көбею арқылы камбиальды 

қызмет атқаратын жəне қарын кілегейлі қабығының ішкі бетін сылап тұратын 

кілегей  бөлетін  мойындық  жасушалар,  ал  денесі  мен  тұбінің  қабырғасын 

пепсиноген  ферментін  бөлетін  негізгі  жасушалар  құрайды.  Олардың 

араларында  жекеленген  кілегейлі      жасушалар  (мукоциттер)  кездеседі. 

Солғын  базофилді  боялған  мойындық  жасушалардың  таяқша  ядролары 

цитоплазманың  негіздік  бөлігінде,  негіздік  жарғаққа  жақын  жатады. 

Апикальды  бөлігінде  митохондриялар  мен  Гольдж  кешені  жəне  тұзілген 

кілегей тамшылары орналасады. 

 

 



 

 

 



 


286 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   605   606   607   608   609   610   611   612   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет