1. Дорсальды мұрын жолы (meatus nasi dorsalis) көлемі жағынан
жіңішке келген өтіс. Ол мұрын куысының төбесі мен дорсальды кеуілжірдің
арасында жатқан жіңішке жол. Дорсальды мұрын жолымен ауа торлы сүйек
шытырманы бетінде орналасқан иіс сезімі мүшесіне өтеді. Сондықтан, бұл
жолды иіс сезімі жолы — деп атайды.
2. Ортаңғы мұрын жолы (meatus nasi medius) дорсальды жəне
вентральды кеуілжірлер аралығында болады. Ортаңғы мұрын жолымен ауа
мұрын маңындағы қойнауларға арнайы тесіктер арқылы өтеді.
3. Вентральды мұрын жолы (meatus nasi ventralis) вентральды кеуілжір
мен мұрын қуысының түбі аралығында жатады. Вентральды мұрын жолымен
ауа хоана тесіктері арқылы аңқаға өтеді.
4. Жалпы мұрын жолы (meatus nasi) мұрын пердесі мен кеуілжірлердің
жəне иіс сезімі шытырмандарының медиальды беті аралығында орналасады.
Жалпы мұрын жолы алдыңғы үш өтісті жалғастырып, артқа қарай аңқа
жолына (nasopharynx) айналады да, хоаналар арқылы ауаны аңқаға өткізеді.
Мұрын қуысының кілегейлі қабығы дорсальды кеуілжірдің алдыңғы
жағында түзу қатпар (plica recta), ал вентральды кеуілжір алдында негізгі
Достарыңызбен бөлісу: |