Тепетендік-есту жүйкесі (VIII жұп, сезімтал жүйке) — n. vestibulo-
cochlearis — ішкі қүлақган басталатын екі: есту жəне тепетеңцік
түбіршіктердің қосылуынан түзіледі. Сопакдіа ми ядросында аяқгалады.
Тіл-жұтқыншақ жүйкесі (IX жұп, аралас жүйке) — n. glossopha-ryngeu
— сопақша мидан шығады. Оның қозғалтқыш жүйке талшыктары
жүтқыншақтың бүлшық еттеріне, ал сезімтал жүйке талшықтары тіл түбірі
кілегейлі қабығындағы дөм сезімі емізікшелерін, тандай мен жұтқыншақтың
кілегейлі қабыктарын, жүйке құрамындағы парасимпатикалық жүйке
талшыктары шыкшыт жəне ауыз қуысы қабырғалық сілекей бездерін
жүйкелендіреді.
Кезеген жүйке (X жүп, аралас жүйке) — n. vagus — сопақша мидан
шығады. Оның сомалық сезімтал жəне қозғалтқыш жүйке талшықтары
жұтқыншақ пен көмекейді жүйкелендіруге қатысады. Ал вегетативті жүйке
талшықтары жұтқыншақ пен көмекейден бастап, мойындағы, көкірек жөне
құрсак, қуыстарындағы ішкі мүшелердің етті қабықтары мен бездерін
жүйкелендіреді.
Қосымша жүйке (XI жүп, қозғалтқыш жүйке) — n. accessorius —
сопақща мидан шығып, трапеция тəрізді, иық-бас, төс-бас бұлшық еттерін
жүйкелендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |