Симпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлері жұп омыртқамаңы
ганглийлері жəне тақ омыртқаалды ганглийлері болып екі топка бөлінеді.
Омыртқамаңы ганглийлері əр бір омыртқа денесінің оң жəне сол жағында
орналасады. Омыртқалардың оң жағындағылар бірімен өзара преганглионды
миелинді жүйке талшықтармен байланысып, оң симпатикалық баған
(truncus sympaticus dexter), ал сол жағандағылары сол симпатикалық баған
(truncus sympaticus sinister) түзеді. Жұп симпатикалық баған орналасу
орынарына байланысты: мойын, көкірек, бел, кұйымшақ жəне құйрық
боліктерге бөлінеді. Мойын бөлігін үш: алдыңғы, ортаңғы (жылқада
болмайды) жəне артқы жүйке ганглийлері құрайды. Қалған беліктердегі
ганглийлер саны омыртқалар санына сəйкес келеді. Тек, бірінші көкірек
ганглийі артқы мойын ганглийімен қосылып, “жұлдызша” ганглийді түзеді.
Жұлдызша ганглийдің түйінсоңы жүйке талшықтары көкірек куысындаға
мүшелердің тамырларын жүйкелендіреді жəне мойын жүлын жүйкелері мен
ми
жүйкелерін сұр
миелинсіз
талшықтарымен
қамтамасыз
ететін
Достарыңызбен бөлісу: |