Морфология



Pdf көрінісі
бет1097/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1093   1094   1095   1096   1097   1098   1099   1100   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Ортаңғы  құлақты  (auris  media)  ішкі  беті  бірқабат  призма  тəрізді 

кірпікшелі  эпителиймен  астарланған  сүйектік  дабыл  куысы  мен  оның 

ішіндегі  бір-бірімен  буындар  жəне  бұлшық  еттер  арқылы  қозғалмалы 

байланысқан есту сүйекшелері: балғаша (malleus), төс (incus), жасымықша 

(lenticulatus)  жəне  үзеңгіше  (stapes)  сүйекшелер  құрайды.  Есту  сүйекшелері 

дабыл  қуысы  қабырғасына  байламдар  арқылы  байланысқан.  Дабыл 

қуысының  ортаңғы  құлақ  пен  ішкі  құлақ  арасындағы  қабырғасында  екі: 

сопақ  жəне  дөңгелек  тесік  немесе  "терезе"  болады.  Сопақтерезені  үзеңгіше 

сүйекше табанының жарғақты тақташасы мен байламдары жауып тұрады. Ол 

дабыл  қуысын  ішкі  құлақтағы  ұлудың  кіреберістік  (вестибулалық) 

баспалдағынан  бөледі.  Дөңгелек  терезені  ортаңғы  құлақтың  дабыл  куысын 

ұлудың  дабылдық  баспалдағынан  бөліп  тұратын  талшықты  жарғақ  жауып 

тұрады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1093   1094   1095   1096   1097   1098   1099   1100   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет