Бірқабатты көпқатарлы призма тəрізді кірпікшелі эпителий тыныс
жолдары (мұрын қуысы, аңқа, көмекей, кеңірдек, өкпе бронхтары— ауа
тамырлары), ен қосымшасы мен жұмыртқа жолы (жатыр түтігі) кілегейлі
қабықтарын астарлайды. Бірқабатты көпқатарлы призма тəрізді кірпікшелі
эпителийдің эпителиоциттері негіздік жарғақта бір қабатта орналасады.
Бірақ, эпителийді пішіні, құрылысы жəне қызметі əр түрлі эпителиоциттер
құрайды. Бірқабатты көп қатарлы призма тəрізді кірпікшелі эпителий
ұлпасын құрайтын эпителиоциттер төрт түрлі болады. Оларға: кірпікшелі
эпителиоцитер, ендірме эпителиоциттер (діңгекті, орынбасу жасушалары),
құты тəрізді эпителиоциттер (бір жасушалы без) жəне базальды
эпителиоциттер (эндокриноциттер). Бұл эпителийдің маманданған негізгі
жасушалары — пішіні цилиндр тəрізді биік, апикальды бөлігі жуандау,
базальды бөлігі жіңішкелеу болып келетін — кірпікшелі эпителиоциттер.
Олар қызмет атқаруға маманданып толық жетілгендіктен, бөлініп
көбеймейді. Сопақ келген ядролары жасуша цитоплазмасының ортасында,
жоғарғы қатарда орналасады. Əр бір эпителиоциттің апикальды ұшында
ұзындығы 6-10 мкм, ені 200 нм 300 -дей кірпікшелер орналасады.
Кірпікшелер
плазмолеммамен
қапталған
аксонемалардан
тұрады.
Аксонемаларды базальды денешіктерден басталатын, ортадағы бір жұп жəне
шеңбер бойымен орналасқан шеткі тоғыз жұп (дублеттер) микротүтікшелер
құрайды. Базальды денешіктің құрылысы центриольдің құрылысындай.
Барлық кірпікшелі эпителиоциттердің базальды денешіктері бір деңгейде
орналасқандықтан, кірпікшелер де бірдей деңгейде жəне биіктікте
орналасып, тұрақты қозғалыста болады. Ендірме эпителиоциттер биіктігі əр
түрлі (биік, орташа, аласа) кірпікшесіз жасушалар. Олардың төменгі
базальды бөлігі жуан, апикальды ұшы сүйірлеу болып келеді. Ендірме
жасушалар кірпікшелі эпителиоциттердің аралықтарында орналасады. Биік
ендірме
жасушалардың
сопақ
келген
ядролары
эпителиоциттер
цитоплазмасының ортасында, ал биіктігі орташа жəне аласа ендірме
101
жасушалардың дөңгелекше келген ядролары эпителиоциттер биіктігіне
сəйкес, негіздік жарғаққа жақындау орналасады. Ендірме эпителиоциттер
зақымдалған кірпікшелі эпителиоциттердің орнын басатын, камбильды
діңгекті жасушалар. Эпителиоциттер қабатында кұты (бокал) төрізді
эпителиоциттер кездеседі. Олар эпителийдің ішкі бетін сылап, ауадағы
шаңтозаңдарды, микроорганизмдерді жабыстырып алатын кілегей бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |