Морфология



Pdf көрінісі
бет188/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Қантүзілу (гемоцитопоэз

 

Қантүзілу (гемоцитопоэз) — қан жасушаларының толық пісіп жетіліп, 

организмде  белгілі  бір  қызметті  атқаруға  маманданған  жасушаларға 

айналғанға дейін, көп сатылы дамудан өтетін күрделі процесс. Қан тірі ұлпа 

ретінде  ұрықтық  кезеңде  дамып  жетіледі.  Ал  төл  туғаннан  соң,  қанда 

негізінен  физиологиялық  қалпына  келу  процесі  жүреді.  Осыған  байланысты 

қантүзілудің  екі  түрі  ажыратылады.  Олар:  ұрықтық  жəне  туғаннан  кейінгі 

қантүзілу. 

Ұрықтық  қантүзілу  —  қанның  ұлпа  ретіндегі  даму  жəне  қалыптасу 

процесі.  Қан  мен  қан  тамырлары  ұрыктың  алғашқы  даму  сатысында  ұрық 

организмінен  тыс,  сарыуыз  қапшығының  қабырғасында  мезенхимадан  қан 

аралшықтары  ретінде  қалыптасып  дамиды.  Аралшықтардың  орталығында 

орналасқан мезенхима жасушалары дөңгеленіп, қан жасушаларының діңгекті 

жасушаларына  айналады.  Ал  аралшықтардың  шеткі  жағындағы  мезенхима 

жасушалары  жалпақтанып,  бір-бірімен  байланыса  жалғасып,  алғашқы  қан 

тамырларының  эндотелий  қабаттарьтн  түзеді.  Қан  тамырлары  қуысындағы 

біріншілік  қан  жасушалары  қатарларынан,  өздерінің  цитоплазмасында 

гемоглобин  жинақтаған  жасушалардан  біріншілік  эритробластар  жетіледі. 

Олардың  біраз  бөлігі  мөлшері  əр  түрлі  ядролы  жəне  ядросыз  ірі  біріншілік 

эритроциттерге  (мегалобласттар  мен  мегалоциттерге)  айналады.  Бұл 

процесті  мегалобласттық  қантүзілу  —  деп  атайды.  Мегалобластық 

қантүзілу  жануарлардың  эмбриондық  кезеңіне  тəн.  Ал  қалған  біріншілік 

эритробласттардан  ұзақ  даму  процесінің  нəтижесінде  сақайған  жануарлар 

эритроциттеріне ұқсас екіншілік эритроциттер түзіледі. Сарыуыз қапшығы 

қан 


тамырларының 

сыртқы 


жағында 

мезенхима 

жасуша-ларынан 

қалыптасқан біріншілік қан жасушаларынан дəншелі лейкоциттердің діңгекті 

жасушалары дамиды.  Бұл  процесс  миелопоэз —  деп  аталады.  Бұдан  кейінгі 

кезеңдерде  сарыуыз  қапшығы  қабырғасында  қалыптасқан  діңгекті  қан 

жасушалары  қанның  ағысымен  ұрықтың  қан  жасау  мүшелеріне  барып 

қоныстанып  орналасады  да,  ұрық  организміндегі  қантүзілу  процесінің 

бастамасын  жасайды.  Ұрық  организміндегі  алғашқы  қан  жасушаларының 

түзілу процесі бауырда жүреді. Іштөлінің туу мерзіміне қарай бауырдағы қан 

түзілу  процесі  тоқтап,  қанның  түзілу  процесі  сүйектің  қызыл  кемігі  майына 

ауысады.  Қанның  діңгекті  жасушаларынан  тимуста  Т  лимфациттер  жетіліп, 

одан  соң  көкбауыр  мен  лимфа  түйіндерінде  көбейіп  маманданады. 

Эритроциттердің,  гранулациттердің,  қан  табақшаларының  түзілу  процестері 

сұйектің  қызыл  кемігі  майында,  ал  В  лимфоциттердің  бастама  жасушалары 

алдымен  сұйектің  қызыл  кемігі  майында  түзіліп,  онан  соң  жетілу,  көбею, 

мамандану процестері көкбауыр мен лимфа түйіндерінде жүреді.        



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет