Шалафибробласттар ішінде бір ядрошығы бар ядроларының пішіні
сопақ келген, РНҚ -ға бай цитоплазмасы базофилді боялған, пішіні ұршық
сабына ұқсаған аз өсінділі жасушалар. Гольдж кешені ядро маңыңда
орналасқан,
митохондриялар
аздау
болады.
Гранулалы
эндоплазмалықтордың өзекшелері тар жəне қысқа келеді. Цитоплазмада бос
полисомалар кездеседі. Шалафибробласттар митоз арқылы бөлініп көбеюге
бейім. Бұлар белокты синтездеуге онша маманданбаған. Шалафибробласттар
негізінен гликозамингликандарды түзуге жəне оларды бөліп сыртқа
шығаруға маманданған.
Достарыңызбен бөлісу: |