Морфология


Арнайы қасиеттері бар дəнекер ұлпалары



Pdf көрінісі
бет212/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Арнайы қасиеттері бар дəнекер ұлпалары 

 

Арнайы  қасиеттері  бар  дəнекер  ұлпаларының  жасушалары  біркелкі 

болып  келеді.  Бұларға  ретикулалы  (торлы),  май  жəне  пигментті  ұлпалар 

жатады. 

Ретикулалы  дəнекер  ұлпасы  ретикулоциттерден  (жасушалары)  жəне 

ретикулин  талшықтарынан  (жасушааралық  заты)  тұрады.  Ретикулин 

талшықтарын  ретикулоциттер  түзеді.  Торлы  дəнекер  ұлпасы  кан  жасау 

мүшелерінің (сүйектің қызыл кемігі майы, көкбауыр, лимфа түйіндері, лимфа 

түйіншелері)  негізін  (стромасын)  түзіп,  аталған  мүшелердегі  қан  жасау 

процестеріне қолайлы микроорта түзеді. 



Май  ұлпасы  жануарлар  организмдеріндегі  куаттың  (энегияның)  көзі 

жəне  метаболизм  суының  қоры  болып  саналатын  негізінен  үш  глицеридті 

липидтің  (майдың)  қоры.  Май  ұлпасы  организмдегі  дене  қызуын  реттеуте 

қатысып,  көптеген  мүшелерде  серпімділік  жəне  қорғаныс  қызметтерін  де 

атқарады.  Аталмыш  ұлпаны  бір-бірінен  борпылдақ  дəнекер  ұлпалық 

аралықтармен  бөлінген  май  жасушаларының  (липоциттердің  немесе 

адипоциттердің)  топтасып  жаткан  бөліктері  құрайды.  Май  ұлпасының 

бөліктері  негізінен қан  тамырларының бойында орналасады.  Бөліктердегі  əр 

бір  липоцит  сыртынан  ретикулин  талшықтарының  торымен  қоршалған. 

Олардың 


аралықтарында 

фибробласттар 

мен 

шырлы 


жасушалар 

(лаброциттер)  кездеседі.  Бөліктердегі  липоциттер  өзара  тығыз  орналасады. 

Борпылдақ дəнекер ұлпасы арқылы май ұлпасын қоректендіретін қан, лимфа 

тамырлары  жəне  жүйкелер  өтеді.  Жануарлар  организміндегі  май  ұлпасы 

құрылысына  байланысты:  ақ  жəне  қоңыр  май  ұлпасы  болып  екіге  бөлінеді. 

Ересек  жануарлар  организмдерінде  негізіне  ақ  май  ұлпасы  болады.  Ал 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет