163
кетпейді. Ол эпифиздердің сыртқы буындық беттерінде жəне метафиздерде
сақталып қалады.
Қысқа сүйектер негізінен энхондральды сүйектену жолымен дамиды. Ал
сүйектерде кездесетін əр түрлі өсінділер жекеленген энхондральды сүйектену
ошақтары арқылы өсіп жетіледі. Бұндай ошақтарды апофиздер (apophysis) —
деп атайды.
Сүйектің өсуі. Жануарлар денелерінің өсуімен қатар, қаңқа сүйектері
де, көлденеңінен қалыңдап жəне ұзынынан өседі. Олардың көлденеңінен
қалындап өсуін сүйекқап остеобласттары түзетін сүйек ұлпасы қамтамасыз
етеді. Ал сүйектердің ұзынынан өсуі метафизбен субхондральды сүйек
қабаты жасушалары мен эндоост остеокласттары жəне остеобласттарының
əрекеті нəтижесінде түзілген сүйек ұлпасы арқылы іске асады. Сүйектердің
диафизі мен метафиздерінің өзара тұтасып кетуі — жануарлар организмінің
толық жетіліп, оның өсуінің тоқталуының белгісі.
Əр түрлі жануарлар қаңқа сүйектерінің толық жетілу мерзімі, олардың
тұқымына, күтіміне, азықтануына, физиологиялық жағдайларына, өнімдік
бағытына байланысты. Орта есеппен кейбір жануарлардың өсіп жетілу
мерзімі: жылқыда — 4,5-5 жылға; сиырда 4-4,5 жылға; қойда, ешкіде,
шошқада — 3-3,5 жылға; түйеде - 8 жылға; итте — 1,5-2 жылға; қоянда —1
жылға тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: