жіктік (симфиздік) бұтағы (ramus symphysialis) қарсы жақтың аттас
бұтағымен байланысып, жамбас жігін құрайды. Оң жəне сол жамбас
сүйектері шат сүйектерінің жікке біріккен жерінің алдыңғы жағында шат
төмпешігі (tuberculum pubicum) болады. Ол еркек жануарларда жақсы
жетілген.
Шонданай сүйек (седалищная кость) — os ischii — шонданай сүйек
денесінен (corpus ossis ischii), ұршықтық бұтақтан (ramus acetabularis) жəне
жіктік (симфиздік) бұтақтан (ramus symphysialis) тұрады. Жалпақ келген
шонданай сүйек денесінің артқы латеральды жағында шонданай төмпегі
(tuber ischiadicum) шығып тұрады. Бір-бірімен жік арқылы байланысқан оң
жəне сол шонданай сүйектерінің шонданай төмпектері аралығындағы доға
тəрізді артқы жиегі шонданай доғасы (arcus ischiadicus) - деп аталады.
Ұршықтық бұтақ сүйек денесінен краниальды бағытта шығып, ұршық
шұңқырын түзуге қатысады. Жіктік бұтақ қарсы жақтың аттас бұтағымен
байланысып, жамбас жігін құрайды. Ұршық шұңқыр мен шонданай төмпегі
аралығында кіші шонданай ойығы (incisura ischiadica minor) орналасады.
Үлкен жəне кіші шонданай ойықтары аралықтарында шонданай қыры
(spina ischiadica) жатады. Шат жəне шонданай сүйектердің үршықтық жəне
жіктік бүтақгары аралығында жапқыш тесік орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |