Күйіс қайтаратын жануарларда жеке шыбық сүйек болмайды. Шыбық
сүйектің проксимальды басының қалдығы асықты жіліктің латеральды
айдаршығымен төмпек ретінде тұтаса байланысып кеткен. Ал дистальды
эпифизінің қалдығы латеральды қайықша сүйек ретінде сақталған.
Шошқада шыбық сүйек жақсы жетілген. Оның проксимальды бөлігі
жалпақ болып келеді.
Итте де бұл сүйек толық жетілген. Шыбық сүйектің проксимальды басы
жұмыр болып келеді.
103 - сурет. Сирақ суйектері Г - сиыр, Д - жылқы. 1 - асықты жілік, 11 - шыбық
сүйек
1 - айдаршық, 2 - асықты жілік қыры, 3 - медиальды қайықша өсінді, 4 - шығыр
тəрізді шұңқыр, 5 - айдаршықтар аралық дөңес, 6 – шыбық сүйек басы, 7 - сүйектер
аралық саңылау, 8 - латеральды қайықша өсінді (сиырда -қайыкша сүйек).
Артқы аяқ басының қаңқасы (скелет стопы) — skeleton pedis —
тілерсек, артқы жіліншік жəне бақай сүйектерінен құралған.
Достарыңызбен бөлісу: |